Әрбір тін онтогенезде белгілі бір ұрықтық бастамадан дамуымен
және өзіне тән басқа тіндермен өзара қатынасымен, организмдегі
орнымен сипатталады.
Тіндер морфологиялық жағынан жасушалардан және жасуша-
аралық заттан құралған. Адам мен жануарлар организмдерінің алуан
түрлі тіндерін төрт топқа біріктіруге болады: 1) шектес тіндер немесе
эпителий (өрмекторы тәрізді жұқа); 2) организмнің ішкі ортасындағы
тіндер немесе дәнекер тін; 3) бұлшықет тіндері; 4) нерв (жүйке) тіні.
Достарыңызбен бөлісу: