болады. Қабырғалар омыртқаның бүкіл өн бойына (жыландарда)
орналасады, алайда олар көбіне кеуде бөлімінде дамиды, ал басқа
бөлімдерде қабырғалар омыртқалармен қосылып, рудименттік түрде
қалады.
Көбіне сүтқоректілердің қабырғалары омыртқаға екі жерден
буындасады: омыртқалардың денесіне және көлденең өсінділерге.
Қабырғалардың вентралды ұштары тек құрлықта тіршілік ететін
омыртқалылардың оған жанасатын алдыңғы аяк белдеуінің дамуына
байланысты пайда болатын төске бекиді, сондықтан аяқтарын
жоғалтқан жануарларда, мысалы, жыландарда, төссүйек болмайды.
Құрлықта тіршілік ететін күрделі омыртқалылардың төс қабырға-
лардың вентралды ұштарынан дамиды, олар ұрықтық даму бойынша
(адамда екінші айда) өзара жұп кеуде табақшаларына айналып бітеді де,
орта сызығы бойымен тақ сүйекке қосылады.
Адам денесінің қаңқасы дененің тік қалыпта болуына байланысты
өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол төрт аяқтап жүретін баска
сүтқоректілердің каңқасынан өзгеше келеді. Төрт аяқтап жүретіндерде
омыртқаның мойын бөлімінен басқасы барлық төрт аяғына сүйенетін
жайпақ доға пішінді келеді. Адамда өзгеше статикалық жағдайларға
байланысты омыртқа жоғарғы жағында басты ұстайтын және төменгі
жағында аяқтарын тірек ететін иілген вертикалды жота пішінді. Дененін
тік қалпы кеуде торының конфигурациясына да эсер етеді.
Сөйтіп, адам денесі қаңқасының тік жүруге және қолдың еңбек
мүшесі ретінде дамуына байланысты мынадай тән белгілері бар:
1) алға қарай шығыңқы сүйірленген (promontorium) сегізкөз
бөлімінде иілісі бар тік орналасқан омыртқа бағанасы;
2) омыртқа денелердің жоғарыдан төмен карай біртіндеп артуы,
олар аяқтармен қосылатын жерде аяқ белдеуі арқылы 5 омыртқадан
тұратын бірегей сүйекке - сегізкөзге айналып бітісіп кетеді;
3) көлденеңінен көлемді алдыңғы-артқы жағынан тарлау келетін
кеуде торының кең және жалпақ болуы.
Достарыңызбен бөлісу: