Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет11/230
Дата01.10.2024
өлшемі23,05 Mb.
#146352
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   230
монастырлъщ м еди­
цина
пайда болды.
Алғашқы орыс дәрігерлері үшін анато­
мия мен физиология белгісіз автордың 
“Аристотельдік проблемалар” деген тақы- 
рыппен жазылған трактатында, сондай-ақ 
Белозерск монастырының игумені Кирил- 
дің “Галиново на Иппократа” тақырыбы- 
мен жазылған түсіндірмелерінде, ал ана- 
томиялық терминология Иоани Болгар- 
скийдің “Шестоднев” атты шығармасында 
баяндалды. Дәрігерлік ғылым дамуында 
шыгыс мүсылмандары да өздерінің көр- 
некті үлестерін қосты. Ислам мәдениеті сегіз ғасыр (VII-XV) бойы 
дүниежүзілік ғылымдардың алдыңғы шамшырагы болды.
Әл-Фараби Әбу-Насыр Мухаммед бин Тархан ибн Узлаг (870-
950)
ұлы ғалым-энциклопедист, ғылымдар тарихында ол “Екінші 
мұғалім” ретінде белгілі болды. “Бірінші мұғалім” деп көне дәуір- 
дегі Платон, Аристотель сияқты оқымысты философтарды атаған.
Сондықтан да оны екінші Аристотель немесе “Шығыстың 
Аристотелі” деп атаган. Әл-Фараби Арыс және Сырдария өзендері 
қосылысындағы Түркістан қаласынан 40 км жердегі көне түрік қаласы 
Отырарда қазақтың қаңлы-қыпшақ руындағы жауынгер отбасында 
туылған. Қазіргі ғылымның, өнер саласының әр бөлімінде Әл-Фараби 
елеулі із қалдырды. Оның жүзден астам шығармалары астрология, 
астрономия, математика, логика, музыка, медицина, социология, лин­
гвистика, поэзия, риторика, философия мәселелеріне байланысты.
Әл-Фараби “басты ағзалардың бірі - ми жүректің жұмысын, 
сезімталдығын, адамның темпераментін басқарады”, - деп жазған. 
Адамның іш құрылысында бауыр мен көкбауыр денеде айналып 
жүретін сұйықтық шығарады деген данышпандық ой айтқан.
Абу-Али Ибн Сына
немесе Авиценна (980-1037) “Медицина 
қағидалары” деген еңбегін жазды, онда Гиппократ, Аристотель жэне 
Галеннен алынған көптеген анатомиялық-физиологиялық деректер бар. 
“Медицина қағидалары” феодализм дәуірінің ең тәуір медициналық 
шығармасы болды, XVII ғасырға дейін Шығыс пен Батыстың 
дәрігерлері содан оқып, тәлім алды. Авиценна Әл-Фарабидің кейінгі
/
3 - с у р е т.
Әл-Фараби Әбу-Насыр 
Мухаммед бин Тархан 
ибн Узлаг (870-950)
14


4 с у р е т. 
Абу-Али Ибн Сина 
(980-1037)
5 с у р е т. 
Леонардо да Винчи 
(1452-1519)
оқушыларының бірі болған. Ол өзінің “өмір тарихында” былай деп 
жазған: “Маған Аристотельдің “Метафизикасы” өте ауыр болды, мен 
оны 40 рет оқысам да түсіне алмадым, бір күні Бұхарадағы кітап 
базарынан Әл-Фарабидің Аристотель шығармаларына жазған талқы- 
лауын тапқанымша...”.
Дамаскілік 
Ибн-ан-Нафис
(XIII ғ.) бірінші болып өкпелік қан 
айналымын ашты. “Қайта өрлеу дәуірі... алыптарға мүқтаж болған және 
ойлау күші..., жан-жақтылығы мен ғылым жағынан алыптарды 
тудырған” дәуір болды (Маркс К., Энгельс Ф. 
Шығ., 2-басылым, 
20-том, 346-бет). Мұндай алыптар анатомияда да пайда болды. Олар 
Галеннің схоластикалық анатомиясын бұзып, ғылыми анатомияның 
негізін қалады. Бұл зор еңбектің бастаушысы Леонардо да Винчи, 
негізін қалаушысы - Везалий және аяқтаушысы - Гарвей болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет