Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет8/230
Дата01.10.2024
өлшемі23,05 Mb.
#146352
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230
рентгенография
(рентген сәулелерін қолданумен байланысты әдіс) және 
эндоскопия
(арнаулы аспаптардың, мысалы, гастроскоптың, бронхоскоптың және т. б. 
көмегімен ішкі ағзаларды зерттеу әдіс жатады). Бүл әдістерді 
аурулардың диагнозын дәлдеп нақтылау қажет болғанда ғана 
қолданады.
Рентгенологиялық зерттеудің ең жаңа әдістері мыналар:
1. Жүмсақ тіндердің (терінің, сіңірлердің, шеміршектердің, 
паренхималық ағзалардың және т.б.) рентгендік кескіндерін алуға 
мүмкіндік беретін 
электрорентгенография.
 
Бұл кескіндер әдеттегі 
рентгенограммаларда айқындалмайды, өйткені рентген сәулелерін 
ұстамайды.
2. 
Томография
 
әдісінің көмегімен белгілі жазықтықта жатқан, 
рентген сәулелерін ұстайтын кескіндерді алуға болады.
3.
 
Компъютерлік томография
 
әдісі көптеген томографиялық 
кескіндерден жинақталған кескінді теледидар экрандарында көруге 
мүмкіндік береді.
4. 
Рентгеноденсиметрия
 
- сүйектердегі минерал түздардың мөл- 
шерін организмнің тірі кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Анатомияның көптеген мәселелері жануарларға тәжірибе жасау 
арқылы шешіледі. Мұндай эксперименттер жекелеген ағзалардың да, 
сондай-ақ түтас организмнің де қүрылысы мен қызметін танып-білуде 
қолқабыс тигізеді.
11


АНАТОМИЯ ҒЫ Л Ы М Ы Н Ы Ң ҚЫСҚАШ А ТАРИХЫ
Анатомия тарихы адам организмі құрылымы мен дамуына көз- 
қараста материализм мен идеализмнің күрес тарихы болып табылады. 
Бұл күрес құл иеленушілік дәуірінде таптардың пайда болуынан 
басталады.
Ертедегі Грецияда 
Демокриттің
материализмі мен әйгілі 
“барлыгы агадьГ (panta гһеі)
деген ережені айтқан Гераклдің диалек- 
тикасының әсерімен адам организмінің құрылысына материалистік 
көзқарас қалыптасады.
Мәселен, Грецияның атақты дәрігері 
Гиппократ
(б.э.д. 460- 
377 жж.) организм құрылысының негізін төрт түрлі сұйықтық: қан 
(sanguis), сілекей (phlegma), өт (сһоіе) және қара өт (melaena сһоіе) 
құрайды деп үйретті. Олардың біреуінің басым болуына адам темпе- 
раментінің түрі (сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик) 
байланысты. Демек, жан қызметінің көрінісінің бірі ретінде адам 
темпераменті дене “сөлдерінің” күйіне байланысты.
Гиппократ бойынша, аталған темперамент түрлері адам дене 
бітімінің түрлі типтерін де анықтайды, олар алуан түрлі және дененің 
сол “сөлдерінің” өзгеруіне сәйкес өзгере алады.
Организм туралы осындай түсінікке сүйене отырып, Гиппократ 
ауруларга да сұйықтардың дұрыс араласпау нәтижесі деп қарады да, 
содан келіп емдеу практикасына әр түрлі “сұйық айдағыш” заттарды 
енгізеді. Организм қүрылысының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет