foramen mandibulae, байқалады. Тесіктің ішкі жиегі
төменгі жақсүйектің тілшесі, lingula mandibulae, түрінде шығып тұрады,
ол жерде lig, sphenomandibulae бекиді; адамда lingula маймылдарға
қарағанда күштірек дамыған. Lingula артында жақсүйек-тіласты
жүлгесі, sulcus mylohyoideus (нерв пен қантамырлардың ізі) басталып,
томен және алға қарай кетеді. Жоғарғы жағында төменгі жақсүйектің
тармағы екі өсіндімен аяқталады: алдыңғысы, тәждік,
processus coronoideus (күшті самай бұлшықетінің тартуы әсерінен түзілен), ал
артқы, буын бүртікті өсінді,
processus condylaris, төменгі жақсүйектің
самай сүйекпен буындасуына қатысады. Екі өсіндінің арасында тілік,
incisura mandibulae түзіледі. Тармақтың ішкі бетінде тәждік өсіндісіне
қарай түпкі үлкен азу тістің альвеолалрының бетінен ұрт (жақ, бет)
бұлшықетінің қыры, crista buccinatoria, көтеріледі.
Буын бүртікті өсіндінің кішкене басы, caput mandibulae, және
мойны, collum mandibulae, болады; мойынның алдыңғы жағында
шұңқыр, fovea pterygoidae (m. pterygoideus lateralis бекитін жер)
орналасады.
Төменгі жақсүйектің сипаттамасын қорыта келе, оның пішіні мен
құрылысы осы кездегі адамға тән екенін атап корсету керек. Жоғарыда
келтірілген факторлар тіс қызметінің әлсіреп, төменгі жақсүйекке
бекитін тіл бұлшықеттерінің күшті әрі нәзік жүмысына байланысты
түсінікті сөз сөйлеу дами бастады. Сондықтан осы бұлшықеттермен
байланысқан төменгі жақсүйектің иекасты аймағы күшті қызмет
атқарып, регресс факторларына төтеп береді де, онда иекасты
қылқандар мен бұдырлар пайда болды. Бүдырдың түзілуіне өсіп бара
жатқан мидың әсері мен ми сауытының көлденең шамасының
үлкеюімен байланысты жақсүйек доғасының кеңеюі де себеп болды.
Сөйтіп, адамның төменгі жақсүйегінің пішіні мен қүрылысы адамға тән
еңбек ету, түсінікті сөз сөйлеу және мидың дамуы әсерімен қалыптасты.
Тіласты сүйегі,
os hyoideum, төменгі жақсүйек пен көмей арасында,
тілдің астында орналасқан (62-сурет). Ол мойында орналасып, екінші
122