Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


134 - су р е т. Мойынның бұлшықеттері,  mm. colli



Pdf көрінісі
бет283/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   369
265


134 - су р е т. Мойынның бұлшықеттері, 
mm. colli;
бүйірінен қарағандағы
көрінісі.
1 ш. stemocleidomastoideus; 2 - m. mylohyoideus; 3 m. Digastricus 
(venter anterior); 4 - os hyoideum; 5 - m. stemohyoideus; 6 - m. Omohyoideus; 
7 - mm. scaleni anterior et medius; 8 - m. trapezius; 9 - m. Digastricus
(venter posterior).
Беткей бұлшықеттер.
1. М ойынның теріасты бұлш ықеті, 
т. platysma,
тікелей тері 
астында, шандырдың үстінде жұқа табақша түрінде жатады. Ол II 
қабырға деңгейінде fascia pectoralis et deltoidea-дан басталып, төменгі 
жақсүйектің жиегіне және fascia parotidea et fascia masseterica-ға бекіп, 
бір бөлігі ауыз бұлшықеттеріне созылады.
Қызметі.
Мойын терісін тартып, бұлшықет теріасты веналарын 
қысылып қалудан сақтайды; одан басқа, бет қимылында маңызы бар, 
езуді төмен қарай тарта алады.
2. Төс-бұғана-емізікті бұлш ы қет, 
т. stemocleidomastoideus,
теріасты бұлшықетінің астында орналасып, одан мойын шандыры 
арқылы бөлінеді. Ол төстің тұтқасынан және бұғананың төстік шетінен 
басталып, емізіктәрізді өсіндіге және шүйде сүйектің linea nuchae 
superior-ына бекиді (134, 135-сурет). Пайда болу тегі жағынан 
бұлшықет т . trapezius-тің бөлінген бөлігі болып табылады, сондықтан 
сол бұлшықетпен бірге нервтендіріледі.
266


135 - с у р е т. Мойынның бүлшықеттері, 
mm. colli
; алдынан карағандағы 
көрінісі (оң жағындағы төс-бүғана-емізіктәрізді бүлшықет алынған).
1 ш. digastricus (venter anterior); 2 - m. mylohyoideus;
3 - stemocleidomastoideus; 4 - m. stemohyoideus; 5 m. stemothyroideus;
6 m. omohyoideus; 7 • mm. scalenii (anterior, medius et posterior);
8 - os hyoideum; 9 - m. digastricus (venter posterior);
10 - m. stylohyoideus.
Қызметі.
Біржақты жиырылғанда бұлшықет омыртқа бағанасының 
мойындық бөлігін өз жағына қарай қисайтады; сонымен бір мезгілде 
басты көтеріп, бетті қарама-қарсы жаққа қарай айналдырады. Екіжақты 
жиырылғанда басты тік қалыпта үстап тұрады, сондықтан бүлшықеттің 
өзі және оның бекіген жері (processus mastoideus) тік жүруге 
байланысты адамда күшті дамыған. Екіжақты жиырылғанда омыртқа 
бағанасының мойындық бөлігі иіліп, сонымен бір мезгілде бет жоғары 
көтеріледі. Бастың қозғалмай бекітіліп түрған жағдайында, тыныс алу 
кезінде кеуде торын көтеруге қатысады (қосалқы тыныс алу бүл- 
шықеттері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет