Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет247/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   369
ligg. cruciata genus
бар. Олардың бірі - алдыңғы, 
lig. cruciatum anterius
ортан жіліктің 
латералды айдаршығының ішкі бетін area intercondylaris anterior 
tibiae-мен жалғастырады. Басқа артқысы, 
lig. cruciatum posterius,
ортан 
жіліктің медиалды айдаршығының ішкі бетінен асыкты жіліктің area 
intercondylaris posterior-ына келеді (108-сурет). Қапшықты іштей 
астарлайтын синовиалды қабығы буынға батыңқырап түрған крест- 
тәрізді байламдарды жауып, буынның алдыңғы кабырғасында тізе 
тобығынан төмендеу жерде майлы, қанаттәрізді катпарларды, plicae 
alares түзеді. Бұл қатпарлар тізенің әрбір қалпы кезінде аралықтарын 
толтыра отырып, буын беттеріне икемделе бейімделеді. Кресттәрізді 
байламдар буын қуысын алдыңғы және артқы бөліктерге бөліп, кабыну 
кезінде белгілі бір уақытқа дейін іріңнін бір бөліктен екінші бөлікке 
өтуіне кедергі жасайды.
Буынмен көршілес бірнеше синовиалды қаптар орналасады, 
олардың кейбіреулері буынмен қатынасады. Тізе тобығының алдыңғы 
бетінде саны үшеуге жететіндей қаптар кездеседі: тізе тобығы
108 
сурет. Оң тізе буыны, 
a r t . g e n u s .
Буын
капшығы ж әне кресттәрізді байлам
(кесілген), сонымен қатар асықты жіліктің
проксималды эпифизі менискісімен бірге
көрсетілген.

lig. patellare; 2 - bursa infrapatellaris
profunda; 3 - lig. transversum genus; 4 - capsula
articularis; 5 - meniscus lateralis; 6 - lig.
c o l l a t e r a l fibulare (кесілген); 7 - lig. cruciatum
posterius; 8 
meniscus medialis (кесілген); 9
lig. c o l l a t e r a l tibiale (кесілген); 10 
lig.
cruciatum anterius.
211


алдындағы тері астылық қап, bursa prepatellaris subcutanea, тереңдеу 
тізе тобығы шандырының астындағы қап, 
bursa prepatellaris subfa- 
scialis, ақырында, тізе тобығы сіңірінің астындағы қап, 
bursa 
subtendinea prepatellaris. Lig. patellae төменгі бекитін жерінде, осы 
байлам мен асықты жілік арасында тұрақты, буынмен қатынаспайтын, 
синовиалды қап, bursa infrapatellaris profunda, бастама алады. Буынның 
артқы аймағында қаптар барлық дерлік бұлшықеттердің астында 
кездеседі. Тізе буынында бүгу, жазу, айналдыра бұру қимылдарын 
жасауға болады. Ол сипаты жағынан айдаршық буын болып табылады. 
Тізені жазып тікейтетін кезде менискілер қысылады, ligg. collateralia et 
cruciata қатты керіледі де, сирақ санмен бірге қозғалмайтын біртұтас 
құрылымға айналады. Тізені бүккен кезде менискілер жазылады, ал lig. 
collateralia олардың беку нүктелерінің жақындасуы арқасында босайды, 
соның салдарынан тізе бүгілгенде вертикалді білік төңірегінде 
айналдыра қозғалту мүмкін болады. Сирақты ішке қарай айналдыр- 
ғанда кресттәрізді байламдар қозғалысты тежейді, ал сыртқа қарай 
айналдырғанда, керісінше, кресттәрізді байламдар босайды. Бұл 
жағдайда қозғалыс бүйір байламдары әсерінен шектеледі. Адамның тізе 
буынының құрылысы мен байламдарының орналасуы оның ұзақ уақыт 
тік қалыпта болуына мүмкіндік туғызады. Ал маймылдарда тізе буыны 
байламдары, керісінше, тік қалыпта тұруды қиындатып, жүресінен 
отыруды жеңілдетеді.
Тізе буыны аймағының рентгенограммаларында бір уақытта ортан 
жіліктің дисталды бөлімінің, сирақ сүйектерінің проксималды бөлімінің, 
тізе тобығының, сондай-ақ art. tibiofibularis кескіндері алынады. Art. genus 
“рентгендік буын саңылауы” адамның бүкіл сүйек-буын аппаратындағы ең 
кеңі болып табылады, өйткені ол, нағыз анатомиялық буын саңылауы мен 
буындық шеміршектерінен басқа, шеміршекті менискілерге де сәйкес 
келеді. Рентгенограммада ортан жілікітің дисталды бөлімі мен сирақ 
сүйектерінің проксималды бөлімінің барлық анатомиялық бөлшектерін 
ажыратуға болады. Бүйірден түсірілген суреттерде тізе буыны көрінісі 
қырынан көрінеді: сол себепті ортан жілік айдаршықтары мен айдар- 
шықүстілері және сирақ бір-біріне проекцияланып қабаттасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет