133 с у р е т. Шап өзегі және іштің бүлшықеттері (оң жағының бүлшықеттері
кесіліп алынған. Сол жағында іштің тік бұлшықетінің қынабы ашылған, ал
бұлшықеттің өзі кесіліп алынған).
1 lam. posterior vaginae m. recti abdominis; 2 - linea arcuata; 3 - fascia
transversalis; 4 - m. rectus abdominis; 5 - m. pyramidalis; 6 annulus inguinalis
profundus; 7 annulus inguinalis superficialis; 8 - funiculus spermaticus;
9 - m. cremaster; 10 - aponeurosis m. obliquui extemi abdominis; 1 1 m.
obliquus extemus abdominis; 12 m. obliquus intemus abdominis;
13 - m. transverses abdominis.
бұлшықеттер
бітісіп өседі, ал байламның медиалды үштен бірінде
мұндай бітісіп-өсу болмайды да, бұлшықеттер шәует шылбыры немесе
жұмыр байлама, арқылы асып өтеді. Сөйтіп, жоғарғы жағынан ішкі
қиғаш және көлденең бұлшықеттердің төменгі жиектері және төменгі
жағынан шап байламының медиалды бөлімі арасында үшбұрышты
немесе
сопақша саңылау пайда болады, оған жоғарыда аталған
құрылымдардың біреуі орналасады. Осы саңылау
шап өзегі
деп
аталады. Шәует шылбырының үстінде орналасқан ішкі қиғаш және
көлденең бүлшықеттердің төменгі жиегінен
шәует шылбырына қарай
онымен үмаға дейін қосарлана ілесетін атабезді көтеретін бұлшықет, т .
cremaster шығады (133 -сурет).
Шап өзегі алдынан төменде шап байламына айналатын іштің
сыртқы қиғаш бүлшықеті апоневрозымен, ал артқы жағынан fascia
transversalis арқылы жабылған. Сөйтіп,
шап өзегінде төрт қабырғаны
263
ажыратуға болады. Алдыңғы қабырғаны іштің сыртқы қиғаш
бұлшықетінің апоневрозы, ал артқы қабырғаны
fascia transversalis
түзеді; жоғарғыны ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттердің төменгі
жиегі, ал төменгі қабырғаны - шап байламы құрайды.
Шап өзегінің
алдыңғы және артқы қабырғаларында бір-бірден
Достарыңызбен бөлісу: