137 - с у р е т. Мойын шандырларының табақшаларының орналасуы (үлгі).
1 lam. superficialis; 2 - lam. prevertebralis; 3 - platysma; 4 m.
sternocleidomastoideus; 5 lam. pretrachealis; 6 - cartilage thyroidea; 7 - larynx;
8 - pharynx; 9 - vagina carotica; 10 - m. longus colli; li nt, scalenus anterior;
12 m. scalenus posterior; 13 m. trapezius.
анатомия оқулықтарында хирургиялык мақсат үшін ең қолайлы
шандырлардың В.Н. Шевкуненко бойынша сипаттамасы беріледі, ол 5
шандыр жапырақшаларын бөліп көрсетеді.
Бірінші шандыр, беткей мойын шандыры,
fa scia colli superficialis
,
дененің жалпы беткей (теріасты) шандырының бөлігі болып табылады
және бірден үзіліссіз көрші аймақтарға ауысады. Дененің басқа
бөлімдерінің теріасты шандырынан оның айырмашылығы мынада: онда
теріасты бұлшықеті (m. platysma) болады да, соған perimysium күрайды.
Екінші шандыр немесе мойынның меншікті шандырының беткей
жапырақшасы,
lamina superficialis fa scia colli propriae,
жағатәрізді
бүкіл мойынды қаусырып, тіласты сүйегі үстіндегі және астындағы
бүлшықеттерді, сілекей бездерін, тамырлар мен нервтерді жауып
жатады (137-сурет). Ол жоғарыда төменгі жақсүйек пен processus
mastoideus-ке бекіп, бетте шықшыт безі мен шайнау бұлшықетін жауып
түратын
Достарыңызбен бөлісу: