Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


fa sc ia p arotidea et m asseterica-ға



Pdf көрінісі
бет290/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   369
fa sc ia p arotidea et m asseterica-ға
ауысады. Төменгі жағында 
беттің меншікті шандырының беткей жапырақшасы manubrium 
sterni-дің алдыңғы жиегіне және бүғанаға бекиді. Алдыңғы жағынан, 
ортаңғы сызық бойымен, ол мойынның меншікті шандырының терең
273


жапырақшасымен бітісе-өсіп, мойынның ақ сызығын түзеді (ені 2-3 
мм). Беткей жапырақша мойынның әрбір жартысында ақ сызықтан 
артқа мойын омыртқалардың қылқанды өсінділеріне қарай жүреді. Өз 
жолында m. sternocleidomastoideus et trapezius-пен кездесіп, ол екіге 
бөлініп, оларды екі жағынан қаусырып, қайтадан тұтасып, осы 
бұлшықеттердің әрқайсысы үшін жеке-жеке шандырлы қынап түзеді. 
Мойынның меншікті шандырының беткей жапырақшасы көлденең 
өсінділердің үстінен өтетін жерде соларға бекиді; сөйтіп, бүкіл 
шандырлы кеңістікті екі: алдыңғы және артқы бөлімге бөледі. Осылай 
бөліну нәтижесінде кейбір іріңдеу үрдістері шандырлы кеңістіктің екі 
бөлігінде бір-біріне байланыссыз жүреді.
Үшінші шандыр немесе мойынның меншікті шандырының терең 
жапырақшасы, 
lamina profunda fascia colli propriae,
тек мойынның 
ортаңғы бөлігінде ғана m. sternocleidomastoideus артында орналасады, 
ол жерде үстіңгі жағынан тіласты сүйегі, бүйірлерінен - екі mm. 
omohyoidei, төменгі жағынан - бұғана және төспен шектелген 
үшбұрышты кеңістікте трапеция түрінде керілген. Мойынның меншікті 
шандырының терең жапырақшасы төменде төстің тұтқасы мен 
бұғаналардың артқы жиегіне, ал беткей жапырақша олардың алдыңғы 
жиегіне бекитіндіктен, мойынның меншікті шандырының беткей және 
терең жапырақшалары арасында саңылау тәрізді кеңістік, spatium 
interaponeuroticum suprasternale, түзіледі. Ол жерде борпылдақ шелмай 
мен мойынның беткей веналары, arcus venosus juguli (мойындырық 
веналық доғасы) жатады, бұлардың зақымануы өте қауіпті. Бұл кеңістік 
бүйірлері жағынан recessus lateralis-пен m. sternocleidomastoideus-тің 
төменгі шетінің артында ірің ағып келуі мүмкін тұйық қалтамен 
жалғасады. Терең жапырақша екіге бөлініп және қайта бітісіп, тіласты 
сүйегі астындағы бұлшықеттер (mm. sternohyoideus stemothyroideus et 
thyroideus) үшін шандырлы қынаптар түзеді. Ол аталған бұлшықеттерді 
тығыз дәнекер тінді бұлшықет табақшасына біріктіреді және олар үшін 
апоневроз, aponeurosis omoclavicularis, түзеді. Бұл апоневроз mm. 
omohyoidei жиырылғанда керіліп, ол арқылы өтетін және онымен 
тұтасып кететін мойын веналары арқылы вена қаны ағып кетуіне жағдай 
жасайды. Бұл керілу және үшбұрышты пішін апоневрозды бейнелі 
түрде мойын желкені деп атауға негіз болды.
Төртінші шандыр немесе мойынның ішкі шандыры, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет