Плацента құрсақтағы нәрестемен кіндік арқылы қатынасады, кіндіктегі
қантамырлар арқылы қан плацентадан іштегі нәрестенің денесіне және
одан әрі қарай ағады.
Плацентасы бар адам мен сүтқоректілер
осы белгісі бойынша
плацентасы жоқ және aplacentalia тобын құрайтын қарапайым тірі
туатындардан өзгеше placentalia класс тармағына біріктіріледі.
Амнион
(қағанақ) - құрсақтағы нәрестенің ішкі қабаты,
сұйықпен
(қағанақтық) толтырылған көпіршік тәрізді, онда ұрық дамиды,
сондықтан оны сулы қабықша деп атайды, нәресте оның ішінде туғанға
дейін болады.
Қағанақ жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде
болады. Олар осы белгісі бойынша amnita тобына біріктіріледі;
балықтар мен қосмекенділер anamnia (яғни қағанақ түзбейтін
жануарлар) тобын құрайды.
Қағанақ сұйықтығы
заттар алмасуына қатысады, құрсақтағы
нәрестені қолайсыз механикалық әсерден қорғайды және туу актісінің
дұрыс жүруіне себебін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: