Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Фитомонадалар отряды - Phytomonadina



бет14/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   174

Фитомонадалар отряды - Phytomonadina


Жасыл түсті, екі талшықты, автотрофты, не миксотрофты, тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін қарапайымдылар.


Хроматофоралары тостағанша, ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Кейбір түрлері Chlamydomonas braunii, Ch. steinii бір клетка құрылысты, ал басым көпшілігі клетка жиынтығынан құралған колония түзейді. Колониялы формаларына эударина (Eudorina), пандорина (Pandorina), вольвокс (Volvox) туыстары жатады. Эударина - 32 клеткадан, пандорина - 16, вольвокс мыңнан аса клеткалардан құралған колония.
Вольвокстар тұщы суларда кең тараған, колониясы шар тәрізді, жасыл түсті. Колонияны кілегейлі зат қоршап тұрады, ішінде бір-бірімен цитоплазмалық көпірше (түтікше) арқылы байланысқан клеткалары орналасқан, әрбір клетканың талшықтары колонияның сыртына қарай шығып тұрады (8,Б,В-сурет). Колониядағы особьтардын саны 500-ден 20000-ға дейін жетеді.
Клеткаларының құрылысы эвгленаға өте ұқсас, айырмашылығы - екі талшықтың болуында. Вольвокстың клеткалары атқаратын қызметтеріне қарай ірілі-ұсақты болып келеді. Ірі клеткалары немесе генеративті-көбею қызметін атқарады, аналық және аталық гаметаларды түзейді (макро- және микро-гаметаларды). Ал ұсақ клеткалары немесе соматикалық көбеюге
қабілеті жоқ, сондықтан барлық қалған қызметтерін атқарады (жылжу, ас қорыту тағы басқаларды).
Вольвокс жыныссыз палинтомия жолымен көбейеді, шар тәрізді колонияның ішінде жас колониялар түзіледі. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да, жас шарлар сыртқа шығып, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Жас колония өсе келе ересек колонияға айналады. Вольвокс жынысты жолмен де көбейеді. Генеративті клеткалардан пайда болған макро және микрогаметалар қосылып зигота түзейді, зиготаның бөліну нәтижесінде колония түзіледі.
Колониялы талшықты қарапайымдылардың теориялық маңызы зор. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда көп клеткалы жануарлардың арғы тегі бір клеткалы колониялы талшықты қарапайымдылар болып саналады (Э. Геккельдің, И. И. Мечниковтың теориясы).



  1. сурет. Әр түрлі талшықтылар: A - Жасыл эвглена - Euglena viridis; 1 - талшық, 2 - резервуар, 3 - жиырылғыш вакуоль, 4 - қосымша вакуоль, 5 - стигма, 6 - хроматофоралар, 7 - ядро, 8 - парамил түйіршіктері; Б - Volvox aureus - жыныссыз колония; В - Volvox globator - колонияның бір бөлігі; 1 - талшықтары, 2 - клеткалары, 3 - цитоплазмалық көпіршік, 4 - жас колониялар, 5 - макрогамета, 6 - микрогамета; Г - Trypanosoma rhodesiense; 1 - талшық, 2 - толқын тәрізді мембрана, 3 - ядро, 4 - цитоплазма, 5 - кинетопласт, 6 - кинетосома





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет