Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Көпталшықтылар отряды - Polymastigina



бет16/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Көпталшықтылар отряды - Polymastigina


Өкілдерінің 4-6, одан да көп талшықтары, кейде толқын тәрізді жарғақ мембранасы және бүкіл денесін бойлап өтетін тығыз тірек таяқша - аксостильдері болады. Ядроның қасында ірілі - ұсақ түйіршіктерден құралған парабазальды денешіктер орналасқан. Көпталшықтылардың бәрі де паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Адамда трихомонас (Trichomonas) және лямблия (Lamblia) туысының өкілдері кездеседі.


Trichomonas chominis адамның тоқ ішегінде, Tr. vaginalis жыныс жолдарында тіршілік ететін сопақша келген кішкене 5-15 мкм-ді талшықтылар. Денесінің алдыңғы жағында төрт талшығы болады, олардың үшеуі бос күйінде алға қарап шығып тұрады, ал төртінші талшығы артқа қарай бағытталып толқын тәрізді жарғақтың шетіне бекініп, толқынды (ундуляция) мембранасын түзейді. Тг. hominis адамға зақым келтірмейді, ал Tr. vaqinalis адамда болатын трихономонас ауруын қоздырушы. Жыныс мүшелерін зақымдайды.
Lamblia intestinalis адамның ащы, он екі елі ішегінде және өт жолдарында тіршілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, екі ядросы, 8 талшығы және парабазальды түйіршіктері болады. Денесінің қақ ортасынан аксостильге ұқсас фибриллярлы екі жұқа тірек таяқшасы өтеді. Ішек эпителиіне жабысатын сорғышы болады. Лямблия ішек ауруын туғызады, кейбір жағдайларда өт жолына, бауырға өтеді. Ауру циста арқылы жұғады.



  1. сурет. Leischmania tropica: A - клетка ішіндегі паразиттер; 1 - лейшманиялар, 2 - клетканың ядросы; Б - лейшманиялар қолдан жасаған қоректік ортада; 1 - талшық, 2 - ядро; В - пендинка ауруы; 1 - жаралар; Г - Phlebotomus papatasii - москит (ауруды тасымалдаушы)



Гипермастигиналар отряды - Hypermastigina


Көп талшықты, көп ядролы қарапайымдылар. Күрделіленген базаль түйіршіктері, аксостильдері, парабазаль денешіктері және тірек жіпшелері болады. Trichonympha, Lophomonas туыстарының өкілдері термиттердің және тарақандардың ішегінде тіршілік етеді. Көп жағдайда гипермастигиналар мен термитгер селбесіп тіршілік етеді. Термиттер клетчатканы қорек етеді, бірақ өздері оны қорытып бойына сіңіре алмайды, ал ішегінде тіршілік ететін гипермастигиналар сол клетчатканы тез ыдыратып көмірсуларға айналдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет