Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет41/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Көбеюі және дамуы. Гидромедузалар тек жынысты жолмен көбейеді, олар - дара жыныстылар. Жыныс бездері (гонадалары) радиальды түтікшелер астында (Тһесарһога отряд тармағында), немесе ауыз сабақшасында (Athecata отряд тармағында) орналасады.
Жетілген жыныс клеткалары су ортасына шығып, сырттай ұрықтанады. Зигота толық біркелкі бөлшектеніп сопақша келген бластуланы түзейді. Бластуланың гаструлаға айналуы, оның вегетативтік полюсіндегі клеткаларының біртіндеп бластоцелъ қуысына көшуі (иммиграция әдісі бойынша) арқылы жүзеге асады. Ең соңында бластоцель қуысы, энтодерманы түзейтін бір текті клеткаларға толып, ұрық осы күйде паренхимула деп аталатын личинкасына айналады. Ол - губкалардың паренхимула личинкасына ұқсас (38-сурет).
Кейін паренхимуланың энтодермальды клеткаларының бір бөлшегі ыдырап, сол жерде келешек гастральды қуысының бастамасы шұңғыл пайда болады. Осы сатыда паренхимула, ішекқуыстыларға тән - планула личинкасына айналады.



  1. сурет. Гидромедуза: А - гидромедуза Obelia (ішкі құрылысын көрсету үшін денесінің бір бөлігі кесілген); 1 - ауызы, 2 - ауыз сабақшасы, 3 - радиальды түтікшесі, 4 - сақиналы түтікше (көлденең кесілгені), 5 - қармалауыштары, 6 - статоцистері, 7 - гонада; Б - Obelia- ның статоцистасының құрылысы; 1 - қармалауышы, 2 - эктодерма, 3 - статоцист, 4- статоцист қуысы, 5 - статолит, 6 - сезу клеткалары; В - гидромедуза Sarsia-ның көзінің кесіндісі; 1 -көзжанары (хрусталик), 2 - жарық сезгіш клеткалары, 3 - пигментті клеткалары




  1. сурет. Stomateca гидроидтың дамуы: A - бластула; Б-В - вегетативтік полюсіндегі клеткаларының біртіндеп бластоцель қуысына көшуі (иммиграция әдісі бойынша); Г -

паренхимула

Планула сопақша келген, денесі кірпікшелермен қапталған, соның көмегімен суда біршама уақыт еркін жүзіп жүреді де, су түбіндегі субстрактқа бекінеді. Оның ауыз тесігі, қармалауыштары, гастраль қуысы қалыптасып, кос қабатты құрылысты жас гидрополипке айналады. Ол өсіп, жыныссыз көбеюдің нәтижесінде гидрант және медузалық бүршіктерді беріп колония құрайды. Сөйтіп теңіз гидроидты полиптер ұрпақ алмасу (метагенез) жолымен, яғни жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы дамиды. Осындай даму кезінде құрылысы мен көбею әдісі жағынан ерекшеленген екі түрлі ұрпақ алмасады. Біріншісі гидрополиптер, бекініп тіршілік ететін, тек қана жыныссыз жолмен көбейіп полиптер мен медузаларды қалыптастыратын формалар. Екіншісі - гидромедузалар, еркін тіршілік ететін, тек қана жынысты жолмен көбейіп гидрополиптерді қалыптастырады. Осыған орай гидрополиптік ұрпақ жынысты жолымен пайда болады да, өзі жыныссыз көбейіп гидромедузаларды қалыптастырады, ал жыныссыз жолымен пайда болған гидромедуза жынысты жолмен көбейіп гидрополиптерге бастама береді (39-сурет).


Ұрпақ алмасудың биологиялық маңызы - түрлердің таралуына мүмкіндік береді.
Кейбір гидроидтылардың даму сатысында бір ұрпақтың басым болып, екіншісінің жарым-жартылай редукцияға ұшырауы байқалады. Мысалы, Athecata отряд тармағының өкілдерінде дамыған медузалы ұрпақтары колониядан үзілмей, бластостильде қалады да, сол жерде редукцияға ұшырап медузоида, гонофора немесе споросак деген формаларына айналады (40- сурет). Медузоида мен гонофора формалары кәдімгі медузаға ұқсас, тек ауыз тесігі, көзшелері, статоцист мүшелері дамымаған. Споросак - іші жыныс клеткаларына толған шар тәрізді.
Trachylida отрядының өкілдерінде медузалық ұрпақ басым болып, планула личинкасы субстратқа бекінбей бірден медузаға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет