Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Гидромедузалар отряды - Trachylida



бет43/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Гидромедузалар отряды - Trachylida


Полиптік ұрпақтары жойылған, таза гидромедуза күйінде теңіздерде тіршілік етеді.
Aglantha туысының өкіддері бүкіл дүниежүзілік мұхитта кездеседі. Cunina туысының личинкалары - Leptolida медузаларының паразиттері.
Гидромедузалардың арасында омыртқалы жануарларға зиян келтіретін түрлері бар. Мысалы, Polypodium hydriforme (систематикалық жағдайы анықталмаған) алғашқы даму кезеңінде бекіре балықтарының уылдырығында паразиттік тіршілік етеді. Ол Еділ, Дон, Сулака өзендерінен және Арал теңізінен табылған.


Хондрофора отряды - Chondrophora


Тропика теңіздерінің беткі қабаттарында (плейстон) жеке тіршілік ететін ірі полиптер. Денесі диск тәрізді, ауыз тесігі, қармалауыштары, гонофоралары денесінің төменгі жағында, ал үстіңгі жағында, текаға ұқсас хитинді қабық жақсы дамыған (Porpita туысында). Кейбір түрлерінде (Velella туысында) хитинді қабық үшбұрышты өскін түрінде дамып - желкен деп аталады. Соның көмегімен полиптер теңіздің бетінде жүзіп жүреді.


Гидроидтылар байырғы жануарлар. Олардың қазба түрлері силур дәуірінің қабаттарынан табылған. Әсіресе, СаСО3-ге бай қаңқасы жақсы дамыған Hydrocorallia өкілдерінің таңбалы қалдықтары жиі кездеседі. Кембрий дәуірінде Тһесарһога қалдықтарының табылғандығы жөнінде мағлұматтар келтірілген.


СИФОНОФОРАЛАР КЛАСС ТАРМАРЫ - SIPHONOPHORA


Сифонофоралар жылы теңіздерде еркін жүзіп тіршілік ететін ерекше колониялы жануарлар. Колония құрайтын особьтары құрылысы мен физиологиясы жағынан әр түрлі, оларды зооидтар деп атайды.


Зооидтар колонияның полиптік және медузоидты особьтары, атқаратын қызметіне қарай гастрозоид, цистозоид, гонозоид деп аталады. Олар шоғырланып кормидия деген топтарды түзейді, әрқайсысының арасында буын аралығы болып, оларды түрі өзгерген тақта жауып тұрады.
Құрылысы мен физиологиясы. Сифонофоралардың көпшілігінің колониясы ұзын сабақша тәрізді, особьтары оның бүкіл бойында реттескен (Physophora туысында), қалғандарының сабақшасы қысқа, особьтары (зооидтары) оның астыңғы жағына бекінген (Physalia туысында).
Энтодермамен астарланған гастраль қуысы сабақшаның ішін бойлап, жеке орналасқан зооидтармен байланысып, олардың қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Колонияның алдыңғы тұйық төбесі ішке қарай ойысып газға толған кеңістікке айналады. Бұны ауа торсылдағы немесе пневматофор деп атайды (41-сурет). Пневматофор - түрі өзгерген медузоидты формасы, гидростатикалық аппарат қызметін орындайды. Егер пневматофор газға толған болса, онда сифонофораның денесі жеңілдеп судың ең жоғарғы
бетінде жүзіп жүреді, ал қолайсыз жағдайда газды сығып шығарады да, жануар су түбіне шөгеді. Газды бөліп шығаратын пневматафораның түбіндегі безді клеткалар, ал оның бұлшықет талшықтарының жиырылып - жазылуынан газдың көлемі көбейіп не азайып тұрады.
Пневматофораның астындағы сабақшада жүзу коңыраулары немесе нектофоралары орналасқан. Олар медузоидты формалы, тек ауыз тесігі, қармалауыштары, сезім мүшелері редукцияланған. Шатыршасы жиырылып, сифонофораның қозғалысын реттеп, оны алға қарай жылжытады (41-сурет). Колонияның ас қорыту қызметін қоректендіруші полиптер немесе гастрозоидтар орындайды. Олар гидранттарға ұқсас, әрбір гастрозоидта күшті атқыш клеткалары-



  1. сурет. Сифопофораның құрылысы: I - пневматофор, 2 - жүзгіш қоңырау (нектофор), 3

  • жыныс особы (гонофор), 4 - қоректендіруші полип (гастрозоид), 5 - атқыш клеткалармен жабдықталған жіпше, 6 - жабын қақпақшасы, 7 - пальпон (цистозоид), 8 - колонияның сабақшасы

мен (атқыш батареяларымен) жабдықталған қозғалмалы ұзын қармалауышы немесе жіпшесі болады. Соның көмегімен ұсақ жәндіктер гастрозоидтың гастраль қуысына түсіп, қорытылып колонияның барлық особьтарына таралады. Жіпшесі қорғаныс қызметін де атқарады.


Колоннада гастрозоид тәрізді басқа да полиптік особьтары - пальпондар немесе цистозоидтар орналасқан. Олардың ауызы жоқ, қармалауыштары тарамдалмай нашар жетілген. Нақты қызметі белгісіз, бірақ зәр шығару қызметін орындайды деп жорамалдайды.
Сифонофоралардың жыныс особьтары немесе гонозоидтары медузоид және гонофора құрылысты, жақсы дамыған. Колония бойында аталық пен аналық гонозоидтары кездессе, бұлар қос жыныстылар немесе тек аталығы, не аналығы - дара жыныстылар болып келеді.
Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныс клеткалары суға шығарылып, ұрықтанған жұмыртқадан планула личинкасы дамиды. Ол күрделеніп, бүршіктену нәтижесінде зооидтар пайда болып колонияға айналады. Сөйтіп сифонофоралар әр түрлі особьтарынан (зооидтардан) құралған полиморфты колониальды жануарлар. Олардың особьтары реттесіп орналасқан: жоғарыда пневматофора оның астында нектофоралары, қалғандары топтасып кормидия түзейді. Әрбір кормидия гастрозоид, цистозоид және гонозоидтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет