Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA



бет57/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA





      • Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela

      • Макростомидтер отряды - Macrostomida

      • Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida

      • Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida

      • Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Tricladida

      • Тік ішектілер отряды - Rhabdocoela

      • Темноцефалида отряды - Themnocephalida

      • Удонеллидтер отряды - Udonellida

      • СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - TREMATODA

      • Дигенетикалық сорғыштар класс тармағы - Digenea

      • Аспидогастерлер класс тармағы - Aspidogastraea

      • МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - MONOGENOIDEA

      • Төменгі сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Polyonchoinea

      • Жоғарғы сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Olygonchoinea

      • ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA

      • Солитерлер немесе цепеньдер отряды - Cyclophyllidea

      • Таспа құрттар отряды - Pseudophyllidea

      • Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea

      • Тетрафилидеа отряды - TetraphyUidea

      • Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea

      • ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA

      • Гирокотилида отряды - Gyrocotylidea

      • Амфилинида отряды - Amphilinidea



КІРПІКШЕЛІ ҚҰPTTAP КЛАСЫ - TURBELLARIA


Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Турбелляридің түр саны 3000-ға жетеді.


Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы жерлері жоқ. Тек кейбір турбелляриде денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болады (51- сурет). Турбелляридің ұзындығы миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін. Денелері түссіз немесе ақ түсті, тек кейде терісіндегі пигменттерінің әсерінен әр түрлі түсті болады. Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар арасындағы шекаралар жойылып, эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған цитоплазма аймақтары дененің ішіне қарай ығысады. Ткань қабатына тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес және өздерінің жіңішке бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген цитоплазмалық тақтаны түзеді. Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және олар батып кеткен эпителий деп аталады.



  1. сурет. Кірпікшелі құрттар - Turbellaria: A - Polycelis cornuta; Б - Mesosforna ehrenbergi (жапырақ бетінде); В - Dendrocoelum lacteum; Г - Euplanaria gonocephala; Д - Polycelis nigra; Е,Ж - Mesostoma қорегін ұстап алған кезі және өздері су бетінде "ермекші" жібі арқылы ілініп тұр

Турбелляридің тері қабаттарында көптеген тері бездері байланыса орналасқан. Олар дененің барлық беткі қабаттарына шашырап орналасқан немесе комплексті жинақталған бокал, алмұрт тәрізді без клеткалары. Бұл бездер эпителиде де, дененің тереңірек жерінде де орналасады. Тері бездерінің бірі болып рабдитті клеткалар да жатады. Олардың құрамында жылтырауық, жарық бағытын өзгертетін таяқшалар - рабдиттер болады. Олар дене бетіне перпендикуляр жатады. Жануарды қатты қоздырғанда олар эпителиден сыртқа атылып шығады да, суда ісініп дене бетінде кілегейдің шоғырын түзіп қорғаныш қызметін атқарады.


Эпителидің астында базальды мембранасы бар. Оның қызметі - денеге белгілі пішінді беру және бұлшықеттерді бекіту. Базальды мембрананың астында күрделі құрылысты бұлшықеттер орналасқан, ол бұлшықет талшықтарының бірнеше қабатынан құралған. Ең жоғарғы беттерінде сақина тәріздес бұлшықеттер қабаты орналасқан, одан ішкері ұзына бойы және диагональды бұлшықеттері орын алады (52, А-сурет).
Бұлшықетгердің эпителимен бірігуінен тері-бұлшықет қапшығы түзіледі. Бұдан басқа, турбелляриялардың бәрінде оларға тән дорзовентральды немесе арқа-құрсақ бұлшықеттері бар. Бұл талшықтардың будалары арқа бөлімінен құрсаққа карай созылып және дененің екі жағыңда орналасқан базальды мембранаға бекінеді, соның арқасында жәндіктер денесін арқа-құрсақ жағынан қысыңкы күйге келтіре алады.
Турбеллярияның қозғалысы бір жағынан - сыртқы эпителий кірпікшелерінің соғуы, екінші жағынан - тері-бұлшықет қапшығының қысқаруы арқылы жүреді. Tuibellaria жүзе де, жорғалай да алады. Ұсақ формалары кірпікшелер арқылы жүзеді. Ірі түрлері денесін созып-қысқарту арқылы жорғалайды.
Тері-бұлшықет қапшығының астындағы ішкі мүшелер аралығы паренхимамен толтырылған. Паренхима - көп өсінді борпылдақ дәнекер тканьді клеткалардан түзілген. Бұл клеткалар түрлі бағытта айқаса және ұштарымен жабыса бос орналасады. Олардың арасын клетка аралық сұйықтық толтырған, сол себептен паренхима ас қорыту өнімдерін ішектен ішкі мүшелерге тасымалдауын қамтамасыз етеді. Бір жағынан зәр шығару қызметі де атқарылады. Содан басқа, көптеген фибрилды құрамалардың болуы, паренхиманы тірек ткані ретінде қарастыруға да ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет