Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет92/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Spirurida отряды. Өкілдері тропикалық, субтропикалық елдерде кең тараған, адамның және жануарлардың қауіпті паразиттері. Маңызды өкілдері Filariidae тұқымдасынан: ришта - Dracunculus medinensis; Банкрофт жіпшесі - Wuchereria bancrofti.
Ришта - Dracunculus medinensis ақшыл түсті, жіп тәрізді, жіңішке құрт, аналығының ұзындығы 32-100 см, аталығы - 2 см (83-сурет). Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның терісінің астындағы дәнекер тканінде тіршілік етіп, денені іріңдетіп (ойық жара) жарақаттайды. Іріңнің ішінде аналығы шумақталып, бүктетіліп жатады. Ауызы ашылған жарадан, іріңмен бірге личинкалар сыртқа шығып тұрады. Ары қарай дамуы үшін личинкалар суға түсіп, аралық иесі циклоптың (шаянтәрізділер) денесіне түседі. Циклоптың ішек қабырғасын тесіп, дене қуысында микрофилярия деп аталатын келесі личинка сатысына айналады. Егер де, адам сумен бірге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның
ішегін тесіп, қан тамырлары арқылы тері астының дәнекер тканіне еніп, сол жерде мекендеп ересек формасына айналады.
Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады. Бұл ауру Африка елдерінде, Үндістанда, Иранда, Қызыл теңізі және Ніл жағалауларында, сондай-ақ Орта Азияда таралған. Ауру адам іріңдеп жарақаттанған аяғын, қолын сумен жуу арқылы личинкаларды суға ағызып, олардың кең таралуына себепкер болады.
Риштаға қарсы бағытталған комплексті және жоспарлы шараларды мұқият қолданғанның нәтижесінде дракункулез ауруы ТМД-да түгелімен жойылды. Адам, жануарлар және өсімдіктердің гельминтоздық ауруларының қоздырғыштарын жоюға бағытталған белсенді шараларды девастация деп атайды. Атақты гельминтолог К. И. Скрябин осы салада көптеген ғылыми еңбектерді жазған.



  1. сурет. Паразитті нематодтар: A - ришта (Dracunculus medinensis), аналығы; Б - циклоптың ішіндегі риштаның личинкасы; В - Банкрофт нематодасының зардабынан пайда болған элефантиазис ("піл ауруы") ауруы



Банкрофт жіпшесі - Wuchereria bancrofti адамда "піл ауруын" - элефантиазис ауруын тудырады. Дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның лимфа бездерінде және лимфа капиллярларында тіршілік етеді. Сол жерде аналығы көптеген личинкаларды тірідей туады. Оларды "түнгі микрофиляриялар" деп атайды, өйткені түнде личинкалар дене сыртына жақын лимфа капиллярларында болса, күндіз дененің терең орналасқан лимфа бездерінде, өкпе, жүрек, бүйрек тамырларында болады. Бұл паразиттің аралық иесі қансорғыш масалар (Culicidae тұқымдасы). Маса ауру адамның қанын сорған кезде, оның ішегіне қанмен бірге личинкалар
-микрофиляриялар да түседі. Олар ішектің қабырғасын тесіп, дене қуысына өтеді де, сол жерде өсіп, дамып гемолимфа ағынымен масаның тұмсығына жиналады. Кейін, маса сау адамның қанын сорғанда личинка адамның терісіне, одан лимфа тамырларына өтіп, ересек формасына айналады. Лимфа тамырлары зақымдалып, тамырлардың бітеліп қалуына және қоймалжың лимфа жиналуына байланысты, жарақаттанған жер қатты ісініп "піл ауруы" пайда болады (83, В - сурет). Элефантиазис ауруы тропикалық және субтропикалық елдерде кең таралған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет