Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ



бет102/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ


Скребнилер типінің шығу тегі туралы айтылатын болжамдар әр түрлі. Көбінесе скребнилерді нематодтармен жақындастырады: денесінің цилиндр тәрізділігі, гиподермасының құрылысы, бірінші дене қуысының (схизоцель) болуы, дара жынысты болуы.


Екінші көзқарасты жақтаушылар (Гексли, Холодковский Н.) скребнилерді жалпақ құрттармен жақындастырады: тұмсық пен сколекстің, кутикуланың, зәр шығару және нерв жүйесінің құрылысы, дамуындағы иесін
алмастыруы.
Кейбір ғалымдар (Раутер) скребнилерді приапулидалармен (Priapulida класы) байланыстырады: бұлшықет - ректрактордың көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің ішіне қарай тартылып, сыртқа созылып шығатындығымен, сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттерінің болуымен, зәр шығару мен тұқым шығару жолдарының бірігу белгісімен.
Скребнилерді жалпақ құрттармен, нематодтармен, приапулидалармен жақындастыратын ұқсастық белгілеріне қарап, олар ортақ бір тектен шыққан деп ойлауға мүмкіндік береді. Қайткенде де, скребнилер жалпақ құрттардың алшақтап кеткен бір бұтағы болуы керек деп жорамалдайды.
Жоғарыда сипатталған құрттардың төрт типі: жалпақ құрттар (Plathelminthes), немертиндер (Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер (Acanthocephales) төменгі сатыдағы құрттар тобын (Acoelomata немесе Scolecida) құрайды, себебі бұлардың целом қуысы жоқ, денесі сегменттелмеген, қан айналу жүйесі дамымаған, сондай-ақ зәр шығару мен нерв жүйесі қарапайым.
Целом қуысты (Coelomata) тобына буылтық құрттардан (Annelida) бастап қалған типтердің барлығы жатады: буынаяқтылар (Arthropoda), моллюскалар (Mollusca), онихофоралар (Опусһорһога), қармалауыштылар (Tentaculata), тікентерілілер (Echinodermata), погонофоралар (Pogonophora), қылтанжақтылар (Chaetognatha), жартылай хордалылар (Hemichordata) және хордалылар (Chordata). Бүларда целом деп аталатын дененің екінші реттік қуысы болады. Целом қуысының бірінші (схизоцель) қуысынан ерекшелігі - целомның перитонеальды эпителиден түзілген арнайы қабаты болуында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет