Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет98/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Seisonidea отряды. Өкілдері теңіз шаяндарының (Nebalia) желбезектерінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді, мойыны және аяғы ұзын, айналмалы кірпікшелі аппараты жойылған.
Bdelloidea отряды. Өкілдері су түбінде, қара шірік топырақтарда, мүктерде тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді ұзын, жер бауырлап жай қозғалады. Негізгі өкілі Rotifer neptimunus су түбінде мекендейді.
Monogononta отряды коловраткалардың негізгі отряды. Көбісі тұщы суларда, теңіздерде кездеседі, топырақта да тіршілік етуге бейімделген. Бұлар түрлер саны жағынан да артады.
Суда мекендейтін түрлері - планктон және бентос формалары. Планктонды формалар су айдындарының әр түрлі тереңдігінде қалқып тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың дене өсінділері, үскі (сверло) тәрізді айналмалы аппараты жақсы дамыған және қосалқы мүшелері болады. Бұл топқа Notholca, Polyarthra, Pedalion, Triarthra тағы басқа туыстарының өкілдері жатады. Жиі кездесетін түрлері: Notholca longispina, Polyarthra platyptera.
Бентосты формалары су түбінде еркін қозғалып немесе су астындағы
заттарға бекініп тіршілік етеді. Еркін қозғалатын коловраткалар - Brachionis, Synchaeta, Conochilus, Rattulus туыстарының өкілдері. Бекініп тіршілік ететін түрлерінің көпшілігі кілегей қабықты түтіктерді жасап, соның ішінде отырады. Бұлар - Stephanoceras, Floscularia, Melicerto туыстарының өкілдері.
Топырақтарда, мүктерде, ал кейбір түрлері паразитгік тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, Diglena volvocicola вольвокс колониясында мекендейді.
Коловраткалар кеуіп, құрғап қалған жағдайда анабиоз күйіне ауысады да, бірнеше жыл бойы өмір сүреді және осы күйде кең таралады.
Коловраткалардың басқа организмдерге қорек ретінде маңызы зор. Коловраткалар кірпікшелі айналмалы аппаратымен,
протонефридияның құрылысымен, жер бауырлап қозғалатынымен турбеллярилерге ұқсас. Кейбір авторлар коловраткалар турбелляриялардан, соның ішінде тік ішектілерден - Rhabdocoelaлардан пайда болды деп санайды.
Коловраткалар құрылысы жағынан (схизоцель қуысы, тері-бұлшықет қапшығының жоқтығы, кірпікшелерінің болуы, протонефридияның құрылысы) құрсақ кірпікшелілер класына жақын. Негізгі белгілерімен коловраткалар жұмыр құрттар типіне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет