Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - EUHIRUDINEA



бет118/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - EUHIRUDINEA


Қылтандары жоқ. Целом қуысы редукцияланып лакуна, синус түрінде қалған. Қан жүйесі де редукцияланып, оның қызметін лакуна жүйесі


атқарады. Бұларға екі отряд жатады: тұмсықты сүліктер - Rhynchobdellida және жақты сүліктер -Gnathobdellida.


Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida


Бұл отрядқа еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететін сүліктер жатады. Тұмсықтарының болуымен ерекше. Ол ауыздан уақытша сыртқа шығып қорегіне қадалуға қабілетгі. Branchellion туысының өкілдерінде желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары: Ichthyobdellidae, Glossiphonidae. Балық сүліктері - (Ichthyobdellidae) тұқымдасының өкілдері балық шаруашылығына көп зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде, тұщы суларда кең тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі - Piscicola geometra, сүйекті балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Ұзындығы 20-50 мм, алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді, денесінен айқын бөлініп тұрады (98,Г-сурет). Көл, өзен, тоспа суларда кездеседі. Pescicola caspica - Каспий теңізінде мекендейтін, сүйекті және бекіре балықтардың паразиттері, ұзындығы 8 мм шамасында. Cystobranchys fasicatus - жайынның, C.mammillatus - налимнің паразиті. Trachelobdella turkestanica Орта-лык Азияда (Іле өзенінде) кең тараған қаяз бен маринканың паразиті.


Жалпақ сүліктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкілдері әр түрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері. Protoclepsis туысының өкілдері құстардың жұтқыншағы мен кеңірдегінде паразиттік тіршілік етеді. Haementeria costata - тасбақалардың, Batracobdella algira - қосмекенділердің, Glossiphonia complanata - ұлулардың паразиттері.
Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына қамқорлық жасайды. Жұмыртқаларын денесімен жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде алып жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және Haementeria туыстары жатады.



  1. сурет. Сүліктер (Hirudinea): A - медициналық сүлік (Hirudo medicinalis); Б - жалпақ сүлік (Glossiphonia); В - жалған жылқы сүлігі (Haemopis sanguisuga); Г - балық сүлігі (Piscicola geometra); Д - балық сүліктердің иесіне жабысу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет