Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


ЖЕЛБЕЗЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA



бет125/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

ЖЕЛБЕЗЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA


Желбезектыныстылар суда тіршілік ететін, арғы тегімен тығыз филогенетикалық байланысы бар алғашқы буынаяқтылар. Желбезектері арқылы тыныс алады (тип тармақтың да аты осыдан). Олар, түрліше пішінді келген, аяқтарының түрі өзгерген эпиподит өсінділері.


Бас бөлімінде екі жұп мұртшалары бар, яғни антеннулалары мен антенналары немесе антенна I және антенна II. Осыған байланысты тип тармақтың екінші атауы - қосантенналылар немесе диантенналылар - Diantennata. Осы тип тармағына бір ғана шаянтәрізділер класы - Crustacea жатады.


ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA


Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері - антеннулалары (antennula) және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (antenna) болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит (basipodit) және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (exopodit) және эндоподиттен (endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (epipodit) бар (99- сурет). Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылысының мұндай бастапқы типі елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.



  1. сурет. Шаянтәрізділер (А) мен трилобиттің (Б) аяқтарының құрылысы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет