Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Қалқанды шаяндар отряд тармаеы - Notostraca



бет133/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Қалқанды шаяндар отряд тармаеы - Notostraca


Карапаксы жалпақ шатыртәрізді қалқанша түрінде дамып, баскеуде бөлімін түгел жапқан. Антеннула мен антенналары өте қысқа, мандибулалары айырықша үшкірленген. Кеудесі көп (40-қа дейін) сегментті, алдыңғы 10 сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады және олардың бірінші және екінші жұбының сезімтал қызметін атқаратын ұзын жіптәрізді өсінділері бар. Қалған кеуде сегменттерінің (11-шіден бастап) әрқайсысында 4-6 жұп аяқтары болады. Бұндай таңқалдырарлық ерекшелік басқа буынаяқтыларда кездеспейді. Сонымен, кеуде аяқтарының жалпы саны 70-ке дейін. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы сегменті жақсы дамыған екі ұзын сезімтал талшықтары бар айыршамен аяқталады.


Қалқандылар су түбін қопарып, су ластанған кезде, оның ішіндегі детрит кесектерімен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Қорек барлық аяқтарының шайнағыш өсінділерінің көмегімен ұсталынып, аяқтарының арасындағы құрсақ ойысшасы бойымен ауызға қарай тасымалданады. Қалқандылар партеногенез жолымен көбейеді: популяциядағы 1000 аналығына ең көп дегенде 10 аталығы сәйкес келеді. Қалқандылар ұсақ, жақсы жылынатын тұщы су қоймаларында мекендейді және жиі аяқ астынан көп мөлшерде қатты жаңбырлардан кейін жиналған суларда дамып шығады. Жұмыртқалары желбезекаяқтылардікіндей, кебуге, тоңазуға төзімді және желмен ұшып таралады.
Notostraca-ның 9 туысы белгілі. Негізгі өкілі: көктемгі щитень - (Lepiduras apus), 12 мм-re дейін өседі, өмір бойы жануар 17 рет түлейді. Кәдімгі щитень -(Triops cancrifomis), ipi - 7,5 см-ге дейін жетеді (106- сурет).


Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы -Conchostraca


Ұзындығы 30 мм-ге дейін, ұсақ шаянтәрізділер. Карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшағы түрінде дамыған. Бақалшақтың жақтауы жануар денесімен ІІ-ші максилла сегментінің аймағында жалғасады және тұйықтағыш бұлшықеттері де дәл осы жерде орналасқан. Антеннулалары қысқа, антенналалары ұзын, екі бұтақты. Кеудесі 10-32 сегментті, әрқайсысында екі бұтақты аяқтары бар. Құрсағы рудиментті, екі тырнақшаларымен аяқталады.


Conchostraca-ның 150-ге жуық түрі бар, көбінесе ұсақ тұщы су, кеуіп
бара жатқан су қоймаларында мекендейді. Нашар жүзеді, сондықтан шөгінділерде көміліп тіршілік етеді. Негізінен табиғатта аналықтары да, аталықтары да кездеседі, бірақ Limnadiidae тұқымдасының барлық түрлерінде, мысалы Limnadia lacustris-тің тек партеногенетикалық аналықтары ғана белгілі. Жұмыртқалары аналығының арқа жағында, бақалшақтың арасында орналасады, қалың қабықпен қапталынған, кеуіп кету мен тоңазуға төзімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет