Экологиясы. Сифонофоралар тропиктік және жылы теңіздерде көп кездеседі. Пневматофора мен нектофораларының көмегімен бүкіл колония судың ішіңде қалқып жүзіп жүреді.
Physalia physalis - "португаль кемешігінің" пневматофорасының ұзындығы 20-30 см, желкен тәрізді, судың бетіне шығып тұрады да, колонияны суға батырмай жылжытады.
Дене мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ге дейін - Diphyes туыстарында, Apolemia өкілдерінің ұзындығы 2-3 м-ге дейін, ал Physalia physalis-тың ұзындығы 1 м, қармалауыштары 10 м, пневматофораның биіктігі
см. Көпшілігі мөлдір түсті болып келеді, бірақ кейбір бөлімдері қанық түске боялған, мысалы, "португаль кемешігінің" пневматофорасы қызғылт немесе көгілдір.
Филогениясы. Сифонофоралардың құрылыс ерекшеліктеріне қарап ғалымдар екі көзқарасты ұсынды: біріншісі - сифонофоралар полиморфты колониальды жануарлар; екіншісі - жеке күрделі организмдер, зооидтар олардың мүшелері деп дәледделген.
Ғалымдардың көпшілігі бірінші ұсынысты қолдап, сифонофоралар колониальды гидроидтылардан пайда болып, жеке жүзіп тіршілік етуге бейімделген колониальды жануарлар деп есептейді. Бұған дәлел болатыны - сифонофоралардың даму тарихы және колониядағы пневматофора, нектофоралары, гонозоидтары - медузалық формалары болса, ал гастрозоид пен пальпондары (цистозоидтар) түрі өзгерген полиптер болып табылады.
СЦИФОМЕДУЗАЛАР КЛАСЫ - SCYPHOZOA
Бұл кластың тек теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлері белгілі. Құрылысы жағынан гидроидты медузаларға ұқсас, айырмашылығы - олардан ірі және желкенсіз болады.
Құрылысы мен физиологиясы. Сцифомедузалардың өкілі ретінде аурелия ауританы (Aurelia aurita) алуға болады. Аурелияның шатыр пішінді денесінің астыңғы (төменгі) ойыс жағында төрт бұрышты ауыз тесігі болады, оны қорегін ұстап алатын төрт қалақша өскін қоршаған. Ауызы жұтқыншақ арқылы қарын қуысымен жалғасып тұрады. Қарынның жиегінде, сөл шығарып тұратын төрт гастральды жіпшелері бар. Гастроваскулярлы жүйесінің кезектесіп отыратын тармақты және тармақсыз радиальды түтікшелері қарынның жиегінен басталып, әрқайсысы шатыр жиегін бойлай тұйықталған сақина тәрізді түтікшемен байланысқан (42-сурет). Аурелия планктонды организмдермен қоректенеді. Қорек заттары қарында қорытылып, түтікшелері арқылы денеге тарап, қорытылмаған қалдығы ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.
сурвт. Сцифомедузалар: I - тамырауызды медуза - Rhizostoma pulmo; II - сцифомедуза
- Aurelia aurita-ның құрылысы; 1 - ауызы, 2 - ропалия, 3 - ауыз қалақшасы, 4 - сақииа түтігі, 5 - радиальды түтікшелері, 6 - қармалауыштары, 7 - гастральды бездері
Шатырдың айнала жиегіндегі қысқа қармалауыштарының кейбіреулері жуандап, шеткі денешіктерге немесе ропалилерге айналады. Олар тармақты радиальды түтікшелердің түбінде орналасады, саны сол түтікшелердің санына сай келеді. Ропалидің ішінде тепе-теңдікті сақтау мүшесі - статоцист және әр түрлі құрылысты көзшелері болады. Қарапайым көзшелері эктодермальды пигментгі және сезгіш ретинальды клеткаларынан құралған, ал күрделі көздері көз шұңқыршағы эпителий астына батып тұрған көз көпіршігі түрінде болады. Оның түбі мен бүйірі пигментті және ретинальды клеткаларынан құралған, үстіңгі қабырғасы қалыңдап қасаң қабық пен көз жанарына айналып, қалған бос кеңістік көз көпіршігі бөліп шығарған шыны
тәрізді затқа толы. Осындай күрделі құрылысына қарамастан көздері тек жарықтың өзгерістерін ғана ажырата алады.
Нерв жүйесі күрделіленіп шатырша жиегінде яғни ропалилердің жанында нерв клеткаларының түйіні - ганглиялар түрінде дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |