Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет45/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Көбеюі және дамуы. Сцифомедузалар - дара жыныстылар. Жыныс бездері қарын қалталарьшда қалыптасып, жетілген жыныс клеткалары ауыз тесігінен сыртқы су ортасына шығып ұрықтанады.
Зигота толық біркелкі бөлшектеніп бластула және гаструла ұрығын түзеп, одан кірпікше түкпен жабылған личинка - планула пайда болады. Ол кірпікшесінің көмегімен суда біраз уақыт жүзіп жүреді де денесінің алдыңғы бөлігімен субстратқа бекініп, гидраға ұқсас сцифистома деп аталатын полипоид кезеңіне өтеді (43-сурет).



  1. сурвт. Сцифомедуза Aurelia-ның даму циклі: 1-жұмыртқа, 2-планула (личинка), 3- сцифистома (полип), 4-бүршіктенген сцифистома, 5-сцифистоманың көлденеңінен бөлінуі (стробиляция), 6-жас медуза (эфира), 7-ересек медуза Aurelia

Сцифистома өсіп, оның денесі бірқатар көлденең бунақталып, бір- біріне қабаттаса орналасқан диск тәрізді жас медузалар пайда бола бастайды. Осындай көлденең бүршіктенуді стробиляция, ал осы сатыдағы полипты стробила деп атайды.


Стробиляция нәтижесінде пайда болған жас медузалар бірте-бірте сцифистомадан бөлініп шығып, еркін тіршілік ете бастайды. Олардың шатырша шеті терең ойықталған, ішкі жүйелері толық дамымаған. Бұл - эфира деп аталатын личинкалық сатысы. Эфиралардың шатырша шеті тегістеліп, гастроваскулярлы жүйесі толық қалыптасып, жыныс клеткалары жетіліп ересек медуза пайда болады.
Сцифистома мен медузоидты ұрпақтарының алмасуы нағыз метагенездің белгісі. Сцифистома бекініп тіршілік ететін, тек қана жыныссыз стробиляция жолымен көбейіп медузаларды қалыптастыратын формалары және тез өтіп кететін, нашар білінетін сатысы. Медузалар - еркін тіршілік ететін, тек қана жынысты жолмен көбейіп сцифистомаларды қалыптастыратын формалар, оның кезеңі әлде қайда басымырақ болып келеді. Сөйтіп аурелия аурита ұрпақ алмасуы - метагенез жолымен, яғни жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы дамиды.
Экологиясы. Сцифомедузалар теңіздерде кең тараған, әсіресе аурелия аурита барлық қоңыржай және тропикалық теңіздерде мекендейді, арктикалық аймақтарда да кездеседі. Балтық, Ақ, Баренц, Қара, Азов, Жапон теңіздерінде көп көлемде таралған.
Дене түсі мөлдір, себебі мезоглеясындағы судың мөлшері - 97,5%. Шатыры жалпақ болып келетін медузаларды - дискомедуза деп атайды, мысалы аурелия аурита, ал шатыры биік - кубомедузалар (Chiropsalmus туысы).
Дене көлемі де әр түрлі. Аурелия ауританың шатырының диаметрі 40 см, қармалауыштары қысқа, ал цианеа арктиканың (Cyanea arctica)
шатырының диаметрі 2 м-ден артық, қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге жетеді. Қармалауыштарының және шатырының көмегімен суда қалқып, шарықтап немесе реактивті түрінде жылжиды. Шатыры минутына 100-140 рет жиырылып жазылады. Тіркелмелі тіршілік ететін медузалар да кездеседі. Олар солтүстік теңіздерде көп кездесетін, қоңыр түсті, биіктігі 2-3 см - Haliclystus және ақшыл түсті, биіктігі 12 см-ге дейін жететін Lucernaria туысының өкілдері. Олар шатырының жоғарғы жағындағы сабақшасымен субстратка бекінеді. Шатырша шеті терең ойысталған, түйреуіш тәрізді қармалауыштарының арасыңда түрі өзгерген безді клеткаларға толы - ропалиялары орналасқан.
Сцифомедузалар - жыртқыштар, планктондық организмдермен, балық шабақтарымен де қоректенеді, ал тамырауызды медузалардың Rhyzostoma pulmo өкілінің ауыз тесігі бітеліп, ауыз айналасындағы қалақша өскінділері бірігіп қатпарланып, тек кана ұсақ планктонды организмдерді сүзетін елекке айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет