Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


СЕГІЗ СӘУЛЕЛІ МАРЖАҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OCTOCORALLIA



бет49/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

СЕГІЗ СӘУЛЕЛІ МАРЖАҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OCTOCORALLIA


Бұл класс тармағына жататын полиптердің сегіз қармалауышы, сегіз септасы, сегіз камерасы болады. Қаңқасы іштей орналасып, мезоглея қабатында түзіледі. Негізгі отрядтары: альционария - Аісуопагіа, мүйізді маржандар - Gorgonaria, теңіз қауырсыны - Pennatularia.


Альционария немесе жұмсақ маржандар - Alcyonaria отрядына қарапайым құрылысты колонияльды полиптер жатады. Қаңқасы әр түрлі ізбесті инелерден құралып, бір-бірімен тұтаспай, мезоглея қабатында шашыраңқы түрде бос орналасады. Колониялары ағаш тәрізді, жұмсақтау болып төселіп жатады, олар - Alcyonium - терілі маржандар және әрбір полиптің айналасында қаңқа түтігі құрылып колониялары шомбал пішінді болып келетін - Tubipora - мүшелі маржандар. Alcyonium, Tubipora, Nephthia туыстастарының өкілдері тропиктік теңіздердің жағалауларында кең тараған. Колониялары сары, қызыл немесе қоңыр тұсті. Germesia туысының өкілдері Ресейдің солтүстігі мен Қиыр Шығысындағы теңіздерінде кездеседі.
Горгонария немесе мүйізді маржандар - Gorgonaria - отрядының ерекшелігі
-ағааш тәрізді колонияларының осінде спикулалардан басқа жартылай ізбестелген мүйізді діңгегі (стержень) болады. Олардың құрамында йодтың, мөлшсрі мол болып келеді, сол себептен орта ғасырда горгомариялардың қаңқасын үгітіп дәрі-дәрмек ретінде қолданған. Ең маңыздысы қызыл немесе асыл маржандар - Corallium rubrum. Ол Жерорта теңізінде және Атлант мүхитының Канар аралдарында 50 м тереңдігінде кездеседі. Қаңқасы ізбесті спикулалардың бір-бірімсн өзара берік қосылуынан пайда болады. Колонияның ішінде цилиндр тәрізді ізбесті діңгек өтеді, ал сырты ценосарк деп аталатын жұмсақ қабықпсн қапталынған. Сыртқы қабығы мен ішкі қаңқасы қызыл, кейде алқызыл түсті болады, осындай түсті болуы спикулаларына темір тұздарының жинақталуына байланысты. Қызыл маржандардың кәсіптік маңызы бар, олардан зергерлік бұйымдар жасайды.
Теңіз қауырсыны - Pennatularia - отрядына әсем түсті, тарамдалмаған ірі колонияльді полиптер жатады. Колонияның негізгі діңгегі алғашқы полиптің ұзарған денесінен құралып, оның жоғарғы жағында екі қатар параллель тәртіпте өте нәзік полиптері орналасқан. Колония төменгі сабақ жағымен су түбіне батып тұрады, Колонияның ұзындығы 40-60 см, ал Umbellula encrinus, Um. magniflora-ның - 200 см. Umbellula туысының өкілдері Атлант мүхитының солтүстігінде, терең жерлерде мекен етеді. Атлант мүхитында және Жерорта теңізіндс 20-40 м тереңдікте Veretillum cynomurium, ал Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарында әр түрлі тереңдікге Pennatula phosphorea кездеседі. Колониялары қызыл сары түсті. Pennatula, Veretillum туыстарының өкілдері өз денесінен жарық шығарады. Жарықты шығаратын эктодерма без клеткаларының сілекейлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет