Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - MONOGENOIDEA



бет71/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - MONOGENOIDEA


Моногенетикалық сорғыштар - балықтардың терісі мен желбезегінде, амфибиялар мен бауырымен жорғалаушылардың қуығында және басқа да мүшелерінде тіршілік ететін эктопаразиттер. Олардың түр саны 2500-ге жетеді.


Құрылысы мен физиологиясы. Моногенетикалық сорғыштардың денесі созылыңқы, артқы бөлімінде ерекше бекіну дискісі болады. Оның ілмешектері, сорғыштары немесе тканьдерді қысып алатын екі жақты қақпақтары бар. Арнайы бекіну мүшелері денесінің алдыңғы бөлімінде де болады. Олар паразиттің қоректену кезінде бас бөлімінің бекінуін қамтамасыз ететін, жабысқақ секрет бөлетін, бір клеткалы бездердің
жолдары ашылатын қалақ тәрізді өсінділерден немесе кішкене сорғыштардан тұрады. Ішкі құрылысы дигенетикалық сорғыштарға өте ұқсас. Жамылғылары трематодтардікі сияқты - тегумент.
Денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан ауыз қуысы көптеген бүйір өсінділермен тарамдалатын қапшық тәрізді немесе қос тарамды ішекке жалғасқан.
Зәр шығару жүйесі протонефридиялы: негізгі экскреторлы түтіктер денесінің алдыңғы бөлімінде екі зәр шығару саңылауларымен аяқталады.
Нерв жүйесі ортогон типті: ми ганглиясынан өзара көлденең сақина өсінділермен байланысқан, үш жұп ұзына бойы бағаналар басталады. Дененің алдыңғы бөлімінде бір-екі жұп инвертирленген көздері болғанның өзінде де, сезім мүшелері нашар дамыған.
Жыныс жүйесі - гермафродитті. Бір немесе көптеген аталық тұқым бездері мен жалғыз жұмыртқа безі болады. Сарыуыз бездері жақсы дамыған (62-сурет). Сперматозоидтар шағылысу нәтижесінде қынап арқылы оотипке түседі, ал жұмыртқа клеткалары оотипке үздіксіз түсіп тұрады. Құрттың алдыңғы үштен бір бөлігінде жыныс тесігі орналасады, оған жатынның соңғы бөлімі мен хитинді ине-ілмешектерімен қаруланған аталық шағылыс мүшесінің шеткі бөлімі ашылады.
Көбеюі және дамуы. Моногенетикалық сорғыштардың тіршілік циклі иесін және ұрпағын алмастырусыз өтеді. Кластың аталуы да осыдан. Мысал ретінде, тұқы /карп/ балықтардың паразиті - Dactylogyrus vastor-ды алайық. Бұл ұзындығы 1-3 мм, балықтардың желбезектерінде тіршілік етіп, сол жерде қысқа аяқшасы бар жұмыртқаларын салады. Жұмыртқада ұрық дамиды, дамыған соң жұмыртқаны тастап, еркін жүзетін личинкаға айналады. Личинканың алдыңғы бөлімінде екі жұп көзшелері болады, денесі кірпікшелердің бірнеше кең буынды белдеуімен жабылған. Денесінің артқы жағында кейіннен бекіну мүшесіне айналатын эмбриональды ілмешектері болады. Осындай ілмешектері бар артқы бөлімді - церкомер деп атайды. Личинка сол бастапқы балықты немесе басқа особьты зақымдайды.
Моногенейдің басқа өкілі - бақа көпезуінің Polystoma integerrimum-ның тіршілік циклі басқаша. Ол жыныстық жүйесі жетілген сатысында бақаның қуығында өмір сүреді. Көктемде бақалар суға шағылысуға түскенде, Polystoma-ның да жыныстық көбеюі басталады. Құрттар бақаның клоака тесігінен сыртқа шығып, суға ұрықтанған жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан он алты ұсақ ілмегі бар личинка шығады. Личинка итбалықтың желбезегіне бекігенше суда кірпікшелері арқылы еркін жүзіп жүреді, егер иесі табылмаса, личинка өледі. Бекінген соң кірпікшелі жамылғысы түседі, денесінің артқы бөлімінде екі ілмешегі дамып, сорғыштардың түзілуі басталады. Личинка ересек құртқа айналып, жұмыртқа салады. Жұмырткалардан личинкалардың екінші ұрпағы шығады, сол кезде итбалықтың желбезектері жабылып бақаға айнала бастайды, ал полистома личинкалары өлмей, бақа денесінің сыртқы беті арқылы клоакаға миграция жасайды да сол жерден қуыққа өтіп, үш жылдан соң (бақамен қатар) жынысты сатыға жетеді. Polystoma-ның дамуындағы - паразиттің тіршілігі
мен кезеңі иесінің тіршілігі және кезеңдерімен тығыз байланысы байқалады. Паразиттің бүкіл тіршілік циклінде эктопаразиттіктен эндопаразиттікке айналу жағдайлары байқалады.
Соңында тағы бір моногенетикалық сорғыш - Gyrodactylus туысына тоқталайық. Өкілдері тірі туатындығымен қызықты. Құрттың жатынында партено-генетикалық жолмен жалғыз ұрық дамиды, осы ұрық туылғанға дейін келесі екінші, үшінші "жас ұрпақтың" ұрығы денесінде түзіледі, соңғысында одан да кіші төртінші ұрпақтың ұрығы пайда болады.
Моногенетикалық сорғыштар - гермафродиттер. Қос жыныстылықтың нәтижесінде олар өзін-өзі ұрықтандырып тұрады. Кейбір түрлерінде гермафродитті жыныс жүйесі болса да, оларда өзін-өзі ұрықтандыруды болдырмайтын әдейі бейімділіктері қалыптасқан. Бұндай бейімділігі бар құрт

  • Diplozoon paradoxum тұқы балықтардың желбезектерінде тіршілік етеді (62,Б-сурет). Паразит әуелде жалғыз тіршілік етсе, кейін екі құрт құрсақ жағындағы ұзын сорғыштарымен бір-бірінің арқа төмпешіктерін орап алып, жұптасып алады. Екі паразит осы қалпында өсіп, бүкіл өмір бойы жұптасып қалады. Жас Diplozoon баска особьпен кездессе ғана ары қарай дами алады. Олар біреуінің аналық жыныс жолдары екіншісінің аталық жыныс жолдарына ашылатындай болып, яғни екі жақты крест тәрізденіп жалғасады. Осының арқасында айқаспалы ұрықтану әдісі жүзеге асады.

Моногенейлердің классификациясы олардың бекіну аппаратының құрылысына негізделген. Қазіргі уақытта Monogenoidea 9 отряд түзетін екі класс тармағына бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет