Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA



бет96/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA


Бұл класқа буынаяқтылардың, әсіресе, насекомдардың дене қуысында паразиттік тіршілік ететін құрттар жатады. Денесі өте жіңішке, цилиндр немесе шаш тәрізді, ұзындығы бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін болады. 225-ге жуық түрлері бар.


Құрылысы мен физиологиясы. Денесі тығыз тері жамылғы - кутикуламен қапталған, оның астында бір қабатты эпителий және ұзына бойы бұлшықеттерден тұратын тері-бұлшықет қапшығы орналасқан.
Ac қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Көптеген түрлерінде алдыңғы ішегі редукцияға ұшырайды немесе мүлде дамымайды.
Тері-бұлшықет қапшығы мен ішектің арасындағы ішкі мүшелер аралығы паренхимамен толтырылған, сонымен қатар, ішек айналасында ұзынынан созылып жатқан алғашқы дене қуысы (схизоцель) бар.
Зәр шығару, тыныс алу, қан айналу жүйесі болмайды.
Нерв жүйесі тері эпителиінде орналасып, жұтқыншақ айналасындағы нерв сақинасынан және құрсақ нерв бағанасынан түзілген. Сезім мүшелері нашар жетілген.
Түкті құрттар дара жынысты. Жыныс бездері жұп, денесінің алдыңғы бөлігінен басталып жыныс жолдарына жалғасады, ал олар артқы ішектің кеңейген бөлігі - клоакаға ашылады. Аналықтарының жатыны болады.
Gordius туысының аталықтарының аналықтарынан ерекшелігі - денесінің артқы ұшы екі айырлы және клоаканың артында кутикула екі жарты айшық тәрізді қатпарланған (85-сурет).



  1. сурет. Түкті құрт (Gordius aquaticus): A - сыртқы құрылысы; Б - бас бөлімі; В - артқы бөлімі; Г,Д - личинка, қабыршақтың ішінде (Г), қабыршақсыз (Д)

Дамуы метаморфоз (кенет өзгеруі) жолымен жүреді. Ересек түкті құрттардың денесі ұзын, қоңыртүсті, су түбінде еркін жылжып немесе су астындағы өсімдіктердің төңірегінде оралып жатады. Жыныстық жағынан жетілген аналықтары ұрықтанып жұмыртқаларын салады да, содан кейін өздері өледі. Жұмыртқадан шыққан личинка ересек түрінен өзгеше. Денесі ақ түсті, сырты көлденең сақина тәрізді буындалған кутикуламен қапталған, қылтанақты қозғалмалы тұмсығы болады. Личинканың ұзындығы 0,1-0,4 мм (85-сурет). Олар біраз уақыт суда немесе ылғал жерде өмір сүріп, кейін қылтанақты тұмсығы арқылы аралық иесінің (насекомдардың судағы личинкаларына) терісін тесіп, дене қуысына енеді. Енді, ары қарай даму үшін, личинкалар негізгі иесі құрлықта тіршілік ететін насекомдардың денесіне енуі қажет. Насекомдарға судағы инвазиялы личинкаларды жеу арқылы жүғады. Оның ішегіне түскен құртгың личинкасы ішекті тесіп дене қуысына өтеді де, өсе бастайды. Есейіп үлкен күйге жеткен соң олар иесінің денесінен шығып суға түседі. Суда ересек түріне айналып, жоғарыдағы айтылған даму циклін қайталайды.
Түкті құрттар класы екі отрядқа бөлінеді: Gordioidea және Nectonematoidea. Gordioidea отрядының негізгі өкілі - Gordius aquaticus тұщы суларда кең тараған, насекомдардың паразиттері. Nectonematoidea отрядының, Nectonema туысының өкілдері теңізде кездеседі, шаянтәрізділердің паразиттері.
Түкті құрттардың филогениясы нашар зерттелген. Жалпы түрі, кутикуласының, тері-бұлшықет қапшығының, жыныс бездерінің құрылысы жағынан нематодтарға ұқсас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет