Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет100/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

(Hymenolepis nanaның) денесі 100-200-дей ұсақ буыннан тұрады, ұзындығы 
1,0-4,5 см. Басқа солитерлерден айырмашылығы даму циклі бір ғана иесінің 
ішінде өтеді - адамның ортаңғы ішегінде. Ұрықтанған жұмыртқалардан 
онкосфералар дамып, олар ащы ішектің өте ұсақ өсінділеріне - бүрлеріне еніп 
цистицеркоид личинкасына айналады. Кейін олар ішек арасына түсіп, 
сорғыштары арқылы ішекке бекініп, ересек түрі жұмыртқаларын бөліп 
шығарады. Жұмыртқалардың біразы адамның нәжісімен бірге сыртқа 
тарайды, ал қалғандарынан онкосфералар дамып, даму циклі қайталанады 
(70-сурет). Сонымен, адам құрттың негізгі және аралық иесі болып келеді. 
Хименолепис ауруымен көбінесе балалар ауырады. Адамның ішегіне 
солитердің жұмыртқалары жуылмаған жеміс, көкөніс, су арқылы өтеді.
69-сурет. Moniezia expansa-ның даму циклі: 1 - жұмыртқалар, 2, 3 - аралық иесі кене 
(Oribatoidea), ішкі қуысындағы цистицеркоидтар, 4 - негізгі иесі
Таспа құрттар отряды - Pseudophyllidea
Бұл отрядтың негізгі ерекшеліктері: басында (сколексте) сорып 
қадалатын екі саңылауы - ботриясы немесе ерекше ұзын қысқыш ойығы - 
ботридиясы немесе тіркелгіш шұңқыры болады; денесі көп бунақты; жатыны 
тұйық болмай, жұмыртқаны сыртқа шығаратын тесігі болады; дамуы түпкі 
(негізгі) иесінен екі аралық иесіне көшу арқылы өтеді; личинкалары - 
процеркоид, плероцеркоид.
70-суретHymenolepis nana-ның даму циклі: А - жалпы көрінісі; 1 - сколекс, 2 - мойын, 3 - 
стробила, 4 - пісіп жетілмеген буын, 5 - гермафродитті буын; Б - даму циклі (адамның 
ішегінде); 1 - стробила, 2 - жұмыртқалар, 3 - онкосфера, 4 - цистицеркоид, 5 - 
цистицеркоид ішек арасында, 6 - цистицеркоидтың ішекке жабысуы, 7 - стробиланың 
түзілуі
Негізгі тұқымдастары: Diphyllobothriidae, өкілі Diphyllobothrium latum - 
жалпақ таспа құрт; Ligulidae, өкілі Ligula intestinalis - лигула немесе белдік 
құрт.
Жалпақ таспа құрт (Diphyllobothrium latum). Басында екі саңылауы - 
ботриясы болады, денесі 3000-4000-нан аса буыннан тұрады, ұзындығы 9-10 
м. Пісіп жетілген буындарының ені 1,5 см, жатыны жапырақ тәрізді.
Жалпақ таспа құрттың дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек 
түрі адамның, иттің, мысықтың, түлкінің ащы ішегінде паразиттік тіршілік 
етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің ішегінен нәжіспен араласып сыртқа 
шығарылады. Әрі қарай даму үшін жұмыртқалар суға түсуі керек. Су ішінде 
жұмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған алты ілмекті ұрық корацидий 


шығып, суда еркін жүзіп жүреді де, өзінің ары қарай дамуы үшін ол бірінші 
аралық иесінің денесіне түсуі керек (71-сурет). Аралық иесі шаянтәрізділер 
(Cyclops,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет