Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет119/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

81-сурет. Паразитті нематодтар: А, Б - бұзғынша (галла) нематодасы (Meloidogyne sp.), 
аналығы (А), аталығы (Б); В - қызылша нематодасы (Heterodera schachtii), аналығы; Г - 
бұзғынша нематодасымен зақымданған қияр тамырлары; Д - қызылша нематодасымен 
зақымданған қызылша тамыры; Е - қызылша нематодасының аналықтары (үлкейтілген); 1 
- стилет, 2 - өңеш, 3 - өңеш безі, 4 - нерв сақинасы, 5 - зәр шығару тесігі, 6 - ортаңғы ішек, 
7- аналық, без, 8 - аналық жол, 9 - жатын, 10 - жыныс тесігі, 11 - аналь тесігі, 12 - аталық 
без, 13 - аталык жол, 14 - тұқым шығарғыш түтігі, 15 - спикула
Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының 
түбіршіктеріне өтеді. Осы жерде личинкалар қоректеніп, бірнеше peт түлеп, 
өсіп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Жұмыртқалары сыртқа 
шығарылмай аналығының ішінде дамиды. Сондықтан денесі үлкейіп, 
кутикуласы қалыңдап, қоңыр түсті, лимон тәрізді цистаға айналады. Дамыған 
личинкалар цистаны тастап, топыраққа түсіп, басқа қызылша тамырларына 
өтеді.
Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, 
тамыр - жемісінің құрамындағы қанттық проценті азайып және өнімділігі 
төмендейді.
Құрттар, қызылша өсірілетін аудандарда кең тараған. Қазақстан үшін 
карантин
объектісі. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған 
агротехникалық шараларды дұрыс қолдану қажет.
Бидай нематодасы - Anguina tritica, бидай және басқа да астық 
тұқымдастар дақылдарының кең таралған зиянкестерінің бірі және 
фитонематодтар ішіндегі ең ірісі. Аналығының ұзындығы 5 мм, көлденеңі 0,2 
мм.
Топырақ арасына түскен личинкалар бидайдың сабағына өрмелеп, 
бидай жапырағының қолтығына шоғырланып, кейін бидай жас масақ тарта 
бастағанда гүл түйініне өтеді. Сол жерде, личинкалардың паразиттік тіршілік 
әрекетіне байланысты, өсімдік клеткаларынан бұзғыншалар (галла) түзіледі. 
Бұзғыншаның ішінде личинкалар өсімдік шырынымен қоректеніп, өсіп 
ересек түріне айналады да, ұрықтанып, жұмыртқа салады (15000-17000-ға 
жуық). Жұмыртқалардан шыққан личинкалар бірнеше рет түлеп, инвазиялық 
сатысына ауысады. Құрғап кеткен бұзғыншаның ішінде бұлардың тіршілік 
уақыты анабиоз күйінде өтеді және осы жағдайда 20 жылға дейін өлмей өмір 


сүре алады.
Бұзғыншалар бидай тұқымымен бірге жерге себіледі де, оның ішінен 
личинкалар шығып, топырақ арасына таралады. Топырақ арасына түскен 
личинкалар басқа өсімдіктерге өтіп дамуын қайталайды. Сондықтан бидайды 
себу алдында оның тұқымдарын мұқият тазалау қажет.
Нематодамен зақымданған өсімдіктің негізгі белгісі: бидайдың сабағы 
өспей, жапырақтары бүрісіп қалады және көптеген бұзғыншалар (галла) 
пайда болады. Бүзғыншалар пішіні және үлкендігі жағынан бидайдың сау 
дәндеріне ұқсас, бірақ түсі қоңыр және үсті бұдыр-бұдыр болады (82-сурет).
ТМД елдерінде Қырым, Кавказ, Балтық теңізі жағалауларында, Украинада 
және Орта Азия республикаларында кездеседі.
Картоп сабақ нематодасы - Ditylenchys destructor картоп түйнегінің 
паразиті. Картоп өсірілетін аудандарда кең таралған. Денесі жіп тәрізді, 
жіңішке, ұзындығы 1 мм-ге жуық, ұдайы қозғалып жүретін құрт. Олардың 
өсіп дамуы картоп түйнегінің ішінде өтеді, сондықтан түйнек біртіндеп 
құрғақ шірік тәрізді болып бұзылады. Әсіресе, картоп өнімін қоймада сақтау 
кезінде қозады, картоп түйнектерінің бәрін шірітіп жіберуі мүмкін.
Паразиттердің басқа картопқа өтуі зақымдалған картопты 
отырғызғаннан болады, сондай-ақ құрттар топырақ арқылы да таралады. 
Олар өсімдік жаңа өсіп келе жатқан кезде тамырына, кейіннен түйнектеріне 
өтеді.
Бұлармен күресудің басты шарты - картопты қоймаға сақтау алдында 
қойманы дезинфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4-5°С-дан аспайтын 
температурада сақтау керек (нематоданың дамуының ең қолайлы 
температурасы 20-25°С), Картопты отырғызғанда да зақымдалмаған 
түйнектерді іріктеп алу және картоптың ауруға төзімді сорттарын отырғызу 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет