Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет127/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

86-сурет. Коловраткалар (А - арқа жағынан, Б - бүйір жағынан): 1 - қылтанақ, 2 - 
айналмалы аппараты, 3 - ауыз тесігі, 4 - мастаке, 5 - сілекей бездері, 6 - өңеш, 7 - қарын 
бездері, 8 - қарын, 9 - аналық без, 10 - протонефридия, 11 - артқы ішек, 12 - қуық, 13 
-клоака тесігі, 14 - кілегейлі бездері, 15 - аяқ ганглиясы, 16 - аяғының саусақтары, 17 - 
клоака, 18 - арқа қылтанағы, 19 -жұтқыншақ үсті ганглиясы, 20 - бірінші қуыс (схизоцель)
Әдетте көктемде қыстап шыққан жұмыртқадан аналық коловратка 
шығып, ол ұрықтанбай партеногенетикалық жолмен амиктикалық 
жұмыртқаларды салады. Олардан партеногенетикалық аналықтары шығып, 
амиктикалық жұмыртқаларды салады да, осындай даму гтроцесі көктем, жаз 
бойы жүреді де, партеногенетикалық аналықтарының бірнеше ұрпақтары 
пайда болады. Бұдан кейін күз айында амиктикалық жұмыртқадан шыққан 
аналығы бұрынғыдан 2-3 есе кіші амиктикалық жұмыртқаларды салады
олардан өте ұсақ аталықтары шығады да, аналықтарымен шағылысып, содан 
кейін өздері өледі. Осыған байланысты ас қорыту және зәр шығару мүшелері 
аталықтарында нашар дамыған. Ұрықтанған аналықтары енді тыныштық 
күйдегі жұмыртқаларды салады. Олар ірі, қалың қабыршақтармен қапталған, 
дамуына бірнеше айдан бір жылға дейін уақыт қажет. Тыныштық күйдегі 
жұмыртқалар қыстап шығады да, көктемде олардан тек аналықтары шығып, 
партеногенетикалық жолымен амиктикалық жұмыртқаларды салады да, 
тіршілік циклі қайтадан басталады (87-сурет). Сөйтіп бір циклдін ішінде екі 
түрлі ұрпақтың кезектесіп отыруы байқалады.
Амиктикалық 


жұмыртқаларының дамуы өте жылдам, 3-4 күн ғана.
Тіршілік циклінің ұзақтығына қарай коловраткалар формалары - 
моноциклді, дициклді, полициклді. Егерде, бір жьгл бойына бір ғана даму 
циклі болса, олар моноциклді (Anuraea cochlearis), екі - дициклді, көп - 
полициклді (Polyarthra trigla). Бірақ сыртқы ортаның (судың физикалық, 
химиялық жағдайлардың) өзгергіштігіне қарай әрбір түр бір жылдың ішінде 
тіршілік циклін өзгертіп тұруы және бір түрдің бір аймақтағы әр түрлі су 
қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі болуы мүмкін.
Коловраткалардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай сыртқы 
құрылысы да (дене пішіні, мөлшері, өсінділері, тікенектері ұзарып
қысқаруы) өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе цикломорфоз деп 
атайды. Мысалы, Anuraea cochlearis денесінің артқы бөліміндегі тікенектері 
көктемде ұзын болса, жазға қарай қысқарып, күзде жойылып кетеді (87-
сурет).
87-сурет. Anuraea cochlearis-тың жылдық тіршілік циклі: 1 - қыстап шыққан жұмыртқа, 2-


көктемгі және жазғы партеногенетикалық аналықтары амиктикалық 
жұмыртқаларымен, 6 - күздегі партеногенетикалық аналығы аталық жұмыртқаларымен, 7 
- аталығы
Коловраткалардың тағьг бір ерекшелігі - жеке мүшелер құрамындағъг 
клеткалар санының тұрақтылығы. Мысалы, Epiphanes senta-нын, жабыны 301 
клеткадан, жұтқыншағы 165, ортаңғьг ішегі - 76, жыныс жүйесі - 19, 
бұлшықеттері - 122, жүйке жүйесі - 247, зәр шығару жүйесі - 24, ал 
жануардың барлық деңесі - 959 клеткалардан тұратындығы дәлелденген.
Осыған байланысты коловраткалар регенерациялық қабілетінен 
айрылған. Осындай белгісімен коловраткалар нематодтарға ұқсас.
Коловраткалар класы үш отрядқа бөлінеді: Seisonidea, Bdelloidea, 
Monogononta.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет