Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет166/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   218
Жыныс жүйесі. Шаянтәрізділер дара жыныстылар, тек паразиттік 
өкілдерінде және тіркеліп тіршілік ететіндерде гермафродитизм кездеседі. 
Жыныс диморфизмі айқын. Аталықтарының антеннулалары, не антенналары 
аналығын ұстайтын мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары 
шағылыс мүшесіне айналып, түтік тәрізді (өзен шаянының 1 және 2 жұбы 
осындай) болады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің аталығы аналығынан 
едәуір кіші, тіпті ергежейлі аталықтары да кездеседі (Cirripedia отрядында).
Аталық пен аналық жыныс жүйесінің құрылысы ұқсас: жүп жыныс 
бездеріне жыныс өзектері (түк.ым шығаратын жолдары) жалғасады да, олар 
жыныс тесігімен аяқталады.
Көп түрлерінде жыныс бездері толық не жартылай бірігіп, тақ болып 
келеді, бірақ жыныс өзектері әрқашанда жұп (105-сурет).
104-сурет. Шаянтәрізділердің көру мүшелері: А - желбезекаяқтылардың күрделі көзінің 
құрылысы; 1 - көз бұршақ конустары, 2 - ретинальды және пигментті клеткалар қабаты, 3 - 
нерв талшықтары, 4 - бұлшықет, 5 - нерв клеткаларының түйінді шоғыры; Б - күрделі 
көздің кесіндісі; 1 - хитинді мөлдір кутикула, 2 - көз бұршақ конусы, 3 - ретинальды 
клеткалардың дистальды бөлігі, 4 - ретинальды клеткалар, 5 - базальды жарғақ, 6 - нерв 
талшықтары, 7 - омматидилердің арасындағы пигмент жолақтары
Аналықтарының тұқым шығаратын өзектері қысқа, түтік тәрізді, ішкі 
жағынан жұмыртқа қабықшасын түзейтін безді клеткаларымен астарланған. 
Кейбір түрлерінде тұқым қабылдағыштары болады. Олар жыныс тесігінің 
жанында орналасып, қабылдаған сперматозоидтарды жұмыртқаларының 
шығуына дейін сақтайды, содан кейін оларды ұрықтандырады.
Аталықтарының жыныс өзектері ұзын, иретілген, ұшы кеңейген
олардың да қабырғалары безді. Солардан бөлінетін қою, жабысқақ, тез 
қатайып қалатын секреттерінен сперматозоидтарды жинайтын сперматофора 


қапшықтары түзіледі. Сперматофораларды аталықтары аналықтардың жыныс 
тесігінің жанына немесе құрсақ аяқтарының арасына жабыстырып қояды. 
Жұмыртқалардың ұрықтануы сырттай өтеді. Жұмыртқа салар алдында 
аналығы жыныс тесігінен немесе құрсақ аяқтарының түбінен ерекше секрет 
шығарады, ол сперматофораларды ерітіп, босап шыққан сперматозоидтар 
жұмыртқаларды ұрықтандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет