Ескекаяқты шаяндар отряды - Copepoda Бұлар тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, планктонның
және су түбі фаунасының ең маңызды және тұрақты құрамы. Паразитгік
түрлері де бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 3 см-ге дейін, кейбір паразит түрлері 30
см-ге дейін. Денелері жақсы сегменттелген: басы кеудесінің бірінші
сегментімен бірігіп біткен; кеудесі 5, құрсағы 4 сегментті, ұшы айырша аналь
қалақшасымен аяқталады. Тек науплиус көзі дамыған, күрделі көздері жоқ.
Антеннулалары ұзын, кейде денесінен де ұзын (Diaptomus туысында),
планктонды тіршілік етуіне байланысты, суда қалқып жүзіп жүреді.
Антенналары қысқа.
Кеуде аяқтары екі бұтақты, жалпақ (қалақты), ескекпен ескен сияқты
қозғалыс жасайды (отрядтың аталуы да осыдан).
Аналығы жұмыртқаларын құрсақ сегментінде, аналь тесігіне
жабыстырылған екі жұмыртқа қапшығында сақтайды (107-сурет).
Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкалары: науплиус, метанауплиус
және копеподид.
6000-нан аса түрі бар. Негізгі туыстары: Cyclops, Diaptomus, Calanus -
тұщы суларда, теңіздерде планктонның тұрақты құрамы; Canthocamptus
туысының өкілдері су түбіңде, балшық арасында кездеседі. Тұщы суларда ең
кең тарағаны - Cyclops туысының өкілдері, олар көптеген су жануарларына,
балық шабақтарына қорек бола тұрып, сондай-ақ жалпақ таспа құрттардың,
риштаның аралық иесі болып табылады. Ескекаяқты шаяндардың
Lamproglena, Lernacocera, Achteres, Tracheliaster туыстарының өкілдері
балықтардың аса көп тараған паразиттері. Олардың паразиттік тіршілік
етуіне байланысты дене пішіні де үлкен өзгерістерге ұшыраған - не қапшық
тәрізді, не өте созылып, ұзарып келген, сегментациясын жоғалтқан, тек екі
жұмыртқа қапшығының болуы, оларды Copepoda-ның өкілі екендігін
дәлелдейді (108-сурет).
Ескекаяқты шаяндардың басқа су жануарлары үшін азық қоры есебінде
аса үлкен маңызы бар және кәсіптік мәні бар бірқатар балықтардың, ал
Calanus finmarchicus балықтардың және мұртты киттердің негізгі қорегі.
Сонымен қатар, балықтардың желбезектерінде паразиттік тіршілік етіп,
балық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
108-сурет. Ескекаяқты шаяндар (Copepoda) - балықтардың паразиттері: I -Lamproglena;
II - Lernacocera; III - Achteres; IV - Tracheliaster