Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Құрылысы мен физиологиясы



Pdf көрінісі
бет188/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   218
Құрылысы мен физиологиясы. Өрмекшітәрізділердің денесі екі 
бөліктен: баскеуде және құрсақтан тұрады. Баскеудені - акрон және 7 сегмент 
құрайды (7-ші сегмент жетілмеген). Сольпуталарда және кейбір төменгі 
сатыдағы түрлерінде 4 жұп алдыңғы аяқтарының сегменттері біріккен, ал 


баскеуденің қалған 2 сегментіне құрсақ сегменттері жалғасады. Осылай, 
сольпугаларда - денесінің алдыңғы бөлігі трилобиттердің басының 
сегменттелуіне ұқсас (акрон және 4 сегмент) - ол пропелътидий бөлігі және 
екі бос аяқтары бар кеуде сегменттері мен сегменттелген құрсағы болады. 
Сольпугалардың денесі - өрмекшітәрізділер класының басқа өкілдеріне 
қарағанда көбірек сегменттелген. Құршаяндарда да баскеудесі біріккен
құрсағы 12 сегментті (Gigantostraca сияқты), ол 7 сегментті жалпақ алдыңғы 
құрсаққа және жіңішке 5 сегментті артқы құрсаққа бөлінеді. Денесі уы бар, 
имек инелі тельсонмен аяқталады (117-сурет). Мұндай сегменттелу жалған 
құршаяндарға, пішеншілерге,
117-сурет. Құршаян Buthus eupeus: A - арқа жағынан; Б - құрсақ жағынан; 1 - хелицера, 2 
- педипалыта қысқышы, 3 - баскеуде, 4 - жүру аяғы, 5 - тарақшалы мүше, 6 - стигмалар, 7 - 
тельсон, 8 - улы ине, I-VI алдыңғы құрсақ сегменттері, VII-XII артқы құрсақ сегменттері
кейбір кене түрлеріне және буынқұрсақты өрмекшілерге тән (бұларда 
құрсағы екі бөлімге бөлінбейді). Дене сегменттерінің бірігуінің тағы бір 
кезеңі - көптеген өрмекшілерде және кейбір кенелерде байқалады. Оларда 
баскеуде ғана емес, сонымен қатар құрсағы да буындарға бөлінбеген, бірақ 
өрмекшілерде олардың арасында қысқа және тар жіңішке мықын болады, 
олар дененің 7-ші сегментінен пайда болған. Дене сегменттерінің толық 
бірігіп, тұтасып кетуі кене отрядтарының өкілдерінде байқалады.
Жоғарыда көрсетілгендей, баскеудеде 6 жұп аяқтары орналасқан. 
Олардың алдыңғы 2 жұбы қоректі ұстау және оны ұнтақтау қызметін 
атқарады - бұларды хелицералар және педипальпалар деп атайды. 
Хелицералар ауыздың алдыңғы жағында орналасады, өрмекшітәрізділерде 
олар қысқа қысқыш түрінде болады (сольпугалар, құршаяндар, жалған 
құршаяндар, пішеншілер, кейбір кенелер т. б.). Кейде хелицералар 
тырнақтәрізді қозғалмалы буынымен аяқталады (өрмекшілерде) немесе 
стилет сияқты болады. Ол (кенелерде) жануарлардың денесін тілу қызметін 
атқарады, сол арқылы олар қоректенеді. Хелицералар әдетте үш буыннан 
тұрады, ақырғы буыны қысқыштың қозғалмалы бармағының қызметін атқа-
рады.
Екінші жұп аяқтары - педипальпалар, бірнеше буыннан тұрады (118-
сурет). Шайнайтын өсінділердің көмегімен педипальпаның негізгі буынында 
қорек ұнтақталып майдаланады, содан кейінгі буындар қармалауыш
ұстағыш қызметін атқарады. Кейбір өкілдерінде (құршаяндар, жалған 
құршаяндар) педипальпалар күшті ұзын қысқыштарға айналған, ал 
кейбіреулерінде жүру аяқтарына ұқсас. Қалған 4 жұп (6-7 бунақты) баскеуде 
аяқтары жүру қызметін атқарады.
Өрмекшітәрізділердің құрсағындағы аяқтары дамымай түрі өзгерген 
күйінде сақталады. Мысалы, құршаяндар құрсағының бірінші сегментінде 
жұп жыныс қақпақшалары, екіншісінде сезу мүшелерінің қызметін 
атқаратын жұп айдарлы, тарақтәрізді қосалқылары бар. Сондай-ақ 
құршаяндардың, жалған құршаяңдардың, кейбір өрмекшілердің өкпе 
қапшықтары, өрмекшілердің өрмек жіптерін бөлетін өрмек сүйелдері де 


аяқтарының өзгеруінен пайда болған. Өрмекшітәрізділердің арғы тегіңде 
құрсақ сегменттеріндегі жетілген аяқтарының болғаны күмәнсіз. Алайда, 
көптеген өрмекшітәрізділер ұрығының дамуы барысында құрсағындағы аяқ 
нышандары пайда болып, кейін дамымай сол күйінде қалады.
Хелицералылардың жабыны кутикула мен оның астындағы гиподерма 
мен базальды мембрана қабаттарынан тұрады. Гиподерма клеткаларының 
шығарған заттарынан құрылатын кутикула үш қабатты. Оның сыртқы қабаты 
жұқа, денедегі ылғалды сыртқа шығармайтын липопротеинді заттарға бай. 
Бұл құрылым хелицералылардың құрлыққа шығуына және олардың ең 
құрғақ жерлерді мекендеуіне жағдай туғызды.
Тері эпителидің туындыларына улы бездер және усыз өрмек бездері 
жатады. Біріншісі - өрмекшілерге, құршаяндарға, екіншісі - өрмекшілерге
жалған құршаяндарға, кейбір кенелерге тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет