-Xiphosura, Алып қалқаншалылар - Gigantostraca
және Өрмекшітәрізділер
-Arachnida.
113-сурет. Трилобиттер және олардың дамуы: A - Cheirurus quenstedtii (арқа жағынан); Б -
Triarthrus becki (құрсақ жағынан); В - протаспис личинкасы; Г, Д - аналь қалқаншасының
және сегменттерінің пайда болуы (анаморфоз); 1 - бас қалқаншасы, 2
- личинка
сегменттері, 3 - көзі, 4 - аналь қалқаншасы, 5 - постларвальды сегменттері
СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - XIPHOSURA
Семсерқұйрықтылар қазіргі кезде құрып кетуге жақын, саны аз ғана, не
бары 5 түрі бар, палеозой эрасында
кең тараған, теңіздерде тіршілік ететін
буынаяқтылар. Ұзындығы 50-90 см, ал Limulus polyphenus-тың ұзындығы 0,5
м болып келеді.
Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтропикалық
теңіздерде тараған, біреулері Limulus polyphenus - Атлант мүхитында,
Солтүстік және
Орталық Америка жағалауларында, қалғандары Малай
архипелагында, Филиппин және Жапон аралдарында (Tachypleus,
Carcinoscorpius), су жағалауларында 4-10 метр тереңдігінде тіршілік етеді.
Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасындағы құмға салады.
Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас дәуірінен табылған, ал Hemiaspis
силур дәуірінен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: