Түкті бүйі немесе сольпуталар отряды - Solifugae Тропикалық және субтропикалық далалар мен шөлдерде кездесетін
өрмекшітәрізділердің ең ірілері - сольпугалар. Ұзындығы 1-7 см-ге дейін.
Оларды улылардың қатарына жатқызады, бірақ та сольпугаларда улы бездері
болмайды. Күшті дамыған хелицераларымен адамды шаққанда денені өте
терең жарақаттайды. Хелицераларының арасында қалған улы токсиндер (өлік
бұзылғанда пайда болатын у) жарақат арқылы қанға өтіп денені
қабындырады.
Сольпугалардың баскеуде бөлімі пропельтидий деп аталатын
(хелицераларды, педипальпаларды және екі жұп жүру аяқтарды таситын
тұтас бір сегмент) және екі сегментгі "кеуде" деп аталатын бөлімдерден
тұрады. Құрсағы 10 сегментті. Денесін және аяқтарын ұзынша келген түктер
қаптаған. Хелицералары қысқыш түрінде, жүру аяқтарына ұқсас,
педипальпалары ұсақ жемтіктерін ұстап алу, жүру және сондай-ақ сезу
қызметін атқаратын колба тәрізді кілегейлі қосындыларымен аяқталады.
Тыныс алу қызметін бұтақталған түтікшелер мен трахеялар атқарады.
Бұлардың басты түтігі сыртқа үш жұп тесіктері арқылы ашылады.
Сольпугалардың 800-ге жуық түрі бар. Олар жылы, құрғақ аймақтарда,
түнде тіршілік ететін жыртқыштар, буынаяқтылармен қоректенеді. Қазіргі
ТМД-ның аймағында сольпугалардың 70 түрі бар. Қазақстанда және Орталық
Азияда сольпугалардың Galeodes және Rhagodes туыстастары кездеседі.
Денесінің ұзындығы 1-7 см, кейде 10 см-ге жетеді. Қырымда және Кавказда
кездесетін Galeodes araneoides-тың ұзындығы 5 см (124-сурет).
124-сурет.Өрмекшітәрізділер: A - түкті бүйі - Galeodes araneoides; I - хелицера, 2 -
педипальпа, 3 - жүру аяқтары, 4 - артқы кеуде сегменттері, 5 - құрсақ сегменттері, 6 -
баскеуде, 7 - көзі; Б - кресті өрмекші Araneus diadematus; I - баскеуде, 2 - хелицера, 3 -
педипальпа, 4 - жүру аяқтары, 5 - құрсағы; В - өрмекші кене - Tetranychus urtica; Г - ұн
кенесі-Acarus siro