Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ЕРІНАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CHILOPODA



Pdf көрінісі
бет211/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

ЕРІНАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CHILOPODA
3000-ға жуық түрі бар, ұзындығы 23 см-ге дейін ірі көпаяқтылар. 
Денесі дорзовентральді бағытта жалпайып ұзарған. Мұртшалары 
(антенналары) жіп тәрізді, ұзын, көпбуынды. Мұртшаларының түбінде 
қарапайым көзшелер шоғырланған, кейбіреулерінде көздері жоқ. Ауыз 
аппараты үстіңгі жақ - мандибуладан және екі жұп астыңғы жақтан 
(максилла I, максилла II) құрылған. Тұлға бөлімінің бірінші жұп аяқтары 
ауызаяғына айналған (класс тармағының аты да осыдан), оларды жақаяқтары 
деп те атайды. Жақаяқтары алты буынды болып, ұштары сүйірленіп, өткір 
тырнаққа айналған. Бұлардың негізгі буыны өзінің жұбымен түйісіп тақтаны 
құрайды, олардың алдыңғы жағында тістері бар. Жақаяқтарының тырнақ 
ұшына улы бездерінің өзектері ашылған.
Тұлға бөлімі сегменттелген, әрбір сегментінде жұп жүргіш аяқтары 
бар. Соңғы жұп аяқтары басқасынан ұзын, артқа қарай бағытталып дәм сезу, 
иіс сезу, қорғаныш, ұстағыш қызметін атқарады. Соңғы жұп аяқтың түбінде 
орналасқан коксальды бездері өрмек жіпті бөледі, оны жемтігін орау үшін 
қолданады, ал ұрықтанғанда оған сперматофораларын салады. Даму жолы 
анаморфоз. Көбінесе тропикалық және субтропикалық елдерде тараған, 
түнде белсенді өмір сүретін жыртқыштар, топырақта, ағаштардың, 
жапырақтардың, тастардың астында тығылып жатады.
Ерінаяқтылар класс тармағы төрт отрядқа бөлінеді: геофилалар - 
Geophilo-morpha, сколопендралар - Scolopendromorpha, костянкалар - 


Lithobiomorpha, скутигералар - Scutigeromorpha.
Геофилалар топырақтың әр түрлі жарықшақтарында, қуыстарында 
мекендейді, сондықтан денелері ұзын, жіңішке, лента тәрізді. Жүру 
аяқтарының саны 31-ден 177-ге дейін. Мұртшаларының буыны - 14, көздері 
жоқ, соңғы жұп аяқтары құрылысымен, атқаратын қызметімен мұртшаларға 
ұқсас. Геофилалар жыртқыштар, насекомдармен қоректенеді, кейде жауын 
құртына шабуыл жасайды. Өсімдік қоректілері де бар. Ұрықтану кезінде 
аталықтары топырақтың жарықшақтарына өрмек жіптерін керіп, соған 
сперматофораларын жапсырады. Аналықтары гоноподия аяқтарымен 
сперматофораларды іліп алып, жыныс тесігіне енгізіп, жұмыртқаларын 
ұрықтандырады. Шығарған жұмыртқаларын денесімен орап алып, ұрықтары 
шыққанша қоректенбей жатады. Негізгі өкілдері: Escaryus retusidens, 
Pachymerium ferrugineum, Mixophilus indicus.
Орталық Азияда 
геофилалардың ұсақ (3-4 см-ге дейін) түрлері жиі кездеседі (Geophilus 
туысынан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет