Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет213/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   218
Костянкалар отрядының өкілдері сколопендраларға ұқсас, тек 
аяқтары ұзын, дене сегменттері 19 (бас сегменттерін қосқанда), ұзындығы 2-5 
см, жүру аяқтарының саны - 15 жұп. Аналықтарында жыныс (гоноподия) 
аяқтары бар. Мұртшалары ұзын, жіп тәрізді, көпбуынды. Көздері басының 
бүйірінде орналасып 40-қа жуық қарапайым көзшелерден құралған. Түнгі 
жануарлар, күндіз бұталардың, жапырақтардың, тастардың астында 
жасырынып жатады. Ұрықтануы кезінде аталықтары өрмек жіпшелерін 
керіп, соған сперматофораларын жабыстырады. Аталығының соңынан еріп 
келген аналығы гоноподия аяқтарының көмегімен сперматофораларды 
жыныс тесігіне ендіреді. Ұрықтанған жұмыртқаларын денесімен орап алып, 
қоректенбей жұмыртқаларын жауынан және инфекциялық бактериялардан 
қорғап жатады. Жұмыртқадан шыққан ұрпағының аяқтары 7 жұп, түлеу 
арқылы өсе келе сегменттері және аяқтары толықтырылады. 800-ге жуық түрі 
бар, барлық аймақтарда (шөл дала мен солтүстіктегі ормансыз мүк басқан 
даладан басқа) кездеседі. Негізгі өкілі - кәдімгі костянка (Lithobius forficatus) 
ұзындығы 25 мм, бұталардың, жапырақтардың, тастардың астында, тұрғын 
үйлерде де кездеседі (ылғалды жерлерде). Ұсақ насекомдармен, кішірек 
жауын құрттарымен қоректенеді. Шаққан уы омыртқасыз жануарларға өте 
қауіпті (130-сурет).
Скутигера немесе шыбынұстағыштар отрядының өкілдерінің мекені 
көп жағдайда құрлықта, құрғақ жерлерде. Ұзындығы - 15 мм-ден 35 мм-ге 
дейін. 15 жұп жүру аяқтары ұзын, жіңішке, табаны көпбуынды келеді. Құрғақ 
жерлерде тіршілік етуіне байланысты олардың эпикутикула қабаты жақсы 
дамыған және трахея жүйесіне ауа қапшықтары жалғасады. Көздері көптеген 
майда көзшелерден құралып, насекомдардың фасеттік көздеріне ұқсас. 300-ге 
жуық түрі бар. Негізгі өкілі - Scutigera coleoptrata, ұзындығы 16-26 мм, 
Кавказда, Қырымда, Жерорта теңіз аймақтарында кең тараған, біздің елімізде 
де кездеседі. Жапырақтардың арасында, тастардың астында, тұрғын үйлерде 
мекендейді. Кешкірім шыбындарды, масаларды ұстауға шығады (осыдан да 
шыбынұстағыш деп атаған). Көбею кезінде аталықтары сперматофораларын 
жерге жабыстырады, аналықтары оларды жыныс тесігімен жинап 


жұмыртқаларын ұрықтандырады да бір-бірден сыртқа шығарады. 
Личинкалары ересек формаларына ұқсас, тек соңғы сегменттері (аяқтарымен) 
жетіспеген. Бірнеше түлеу арқылы сегменттерін жетілдіріп, ересек түрлеріне 
айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет