айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға
жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған
(10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған
спорозоиттар пайда болғаннан кейін ооциста жарылады. Қозғалғыш
спорозоиттар безгек масаның аралас қуысына түсіп, гемолимфа ағынымен
сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына
сілекеймен бірге спорозоиттар да түседі. Даму циклы ары қарай жалғасады.
Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы өте күрделі және олар
иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты
көбеюі безгек масасының ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі - безгек
масасы, ал аралық иесі - адам.
Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын қоздырушы. Безгекпен
ауырғанда безгек ұстауынан басқа анемия (эритроциттердің азаюы)
байқалады және плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін бөледі. Ауру
адамның безгегі әр 72 сағат, немесе 48, немесе 24 сағат сайын қайталанып
отырады. Осы қайталануы плазмодияның өкіліне және шизогония мерзіміне
байланысты.
PI. vivax-та шизогония 48 сағатқа созылады, сондықтан безгек үш
тәулікте бір рет ұстайды, ол безгекті үш күндік безгек деп атайды. Р1.
malariae-да шизогониясы 72 сағатқа созылады, сондықтан безгек төрт күннен
кейін қайталап ұстайды, ол төрт күндік безгек. PI. falciparum-да шизогония 24
сағатқа созылады, безгек 24 сағатган кейін қайталап ұстайды. Неғұрлым
безгек жиі қайталанса, соғұрлым қауіпті.
Безгек ауруын адамнан адамға анофелес (Anopheles) туысына жататын
безгек масаларының түрлері ғана таратады. Солардың ішінде Қазақстанда
көп тараған An. maculipennis, An. hyrcanus т.б.
Безгек ауруына қарсы шаралардың бірі - масалардың сан мөлшерін
азайтуға қолайлы тәсілдерін қолдану, ауырған адамды дәрілермен емдеу.
Достарыңызбен бөлісу: