Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Нағыз грегариналар отряды - Eugregarinida



Pdf көрінісі
бет23/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Нағыз грегариналар отряды - Eugregarinida
Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік 
етеді. Денесі сопақтау, ұзындау, сыртын қалың қабықша - пелликула қаптап 
тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма жатады, ол плазмалык пер-
делер түзеп, грегаринанын. бір клеткалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. 
Бірінші - эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, 


солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады. Екінші - 
протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші - дейтомерит, ядро 
орналасқан үлкенірек болып келген бөлік (11-сурет). Осындай үш бөлімді 
құрылысты грегариналарды Серһаііпа деген отряд тармағына жатқызады. 
Басқаларының денесі бөлімдерге бөлінбей, денелері құрт тәрізді не шар 
тәрізді жануарлардың дене қуыстарында тіршілік етеді. Бұларды Асерһаііпа 
отряд тармағына жатқызады.
11-сурет. Грегариналар: А - Corycella armata; Б - Lophorhynchus insignis; В - Hirmocystis 
ventricosa (сизигия түрінде); 1 - эпимерит, 2 - протомерит, 3 - дейтомерит, 4 - ілмешек, 5 - 
пелликула, 6 - эктоплазма, 7 - эндоплазма, 8 - ядро
Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, 
яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия 
түзейді (12-сурет). Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің 
төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады. Екі грегаринаның ядросы митоз 
жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар 
дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталынып, 
гаметаларға айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, 
оны примит деп атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар - ол сателлит. 
Гаметалар қосылып зигота құрайды. Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып 
ооцистаға айналады. Ооцистаның ішінде спорогония процесі өтеді. Ядро 
бөлініп 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді, 
8 ядро түзілгеннен кейін, әрбір ядро цитоплазмамен қапталынып, 
ооцистаның ішінде 8 спорозоиттар пайда болады. Спорогония процесі 
осылай бітеді. 
Ооцисталар ауру жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге 
шығып, ары қарай даму үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда 
ооцисталар ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, спорозоиттар шығып 
эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.
12-сурет. Грегарина Stylocephalus longicollis-тің даму кезеңі; 1 - спорозоит, 2 
-грегаринаның өсу кезеңі, 3 - сизигия, 4 - циста, 5 - ядролардың бөлінуі, 6 - гаметалардың 
түзілуі, 7 - гаметалар, 8 - копуляция, 9 - ооциста, 10 - ядроның бірінші рет бөлінуі, 11 - 
екі ядролы ооциста, 12 - ядроның екінші рет бөлінуі, 13-4 ядролы ооциста, 14 - 
ядроның үшінші рет бөлінуі, 15-8 спорозоит


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет