Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет8/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   218
1-сурет. Жануарлар макросистемасының схемасы
Билатеральды симметрия (Bilaterata) немесе екі жақты симметрия 
жануарлардың үнемі алға қарай жорғалап, жылжып жүруіне байланысты 
пайда болады. Осындай жануарлардың денесінен тек жалғыз сызықты 
өткізуге болады, сонда дене бір-біріне ұқсас оң және сол жартыға бөлінеді. 
Екі жақты симметриялы жануарлардың денесінде арқа (дорза), бауыр 
(вентра), алдынғы және артқы жағы белгіленіп тұрады. Дененің алдыңғы 
бөлімінде ми және сезім мүшелері орналасады. Билатеральды симметриялы 
жануарлар үш қабатты - Triploblastica жануарлар тобын құрайды. Бұлардың 
эмбриональдық даму кезінде үш ұрық жапырақшалары пайда болады: 
эктодерма - сыртқы ұрық жапырақшасы, энтодерма - ішкі және мезодерма - 
аралық. Осы жапырақшалардан мүшелер дамып жетіледі: эктодерма 
қабатынан тері эпителиі, нерв жүйесі, сезім мүшелері т. б.; энтодерма 
қабатынан ас қорыту бөлімі - ортаңғы ішек, ал мезодермадан қалған 
мүшелері дамиды. 
Целом қуыстарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты, 
билатеральді симметриялы, үш қабатты жануарлар, қуыссыздар немесе 
бірінші қуыстылар - Acoelomata және целом қуыстыларға - Coelomata-ға 
бөлінеді. Acoelomata тобына төменгі сатыдағы құрттардың төрт типі жатады: 
Plathelminthes, Nemertini, Nemathelminthes, Acanthocephales, ал Coelomata 
тобына қалған типтердің барлығы жатады. 
Ең соңында, билатеральды симметриялы жануарларды - Bilaterata-ны 
екі үлкен топқа бөледі: алғашқы немесе бірінші реттік ауыздыларға - 
Protostomia және екінші реттік ауыздыларға - Deuterostomia. Алғашқы реттік 
ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға 
айналады және мезодерма қабаты телобластық жолымен дамиды (эктодерма 
және энтодерма аралығында бластопора жанында екі ірі тел облает 
клеткаларынан мезодерма қабаты дамиды). Алғашқы реттік ауыздыларға: 
жалпақ құрттар (Plathelminthes), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), 
немертиндер (Nemertini), скребнилер (Acanthocephales) буылтық құрттар 
(Annelida), буынаяқтылар (Arthropoda), онихофоралар (Опусһорһога) және 
моллюскалар (Mollusca) типтері жатады.
Екінші реттік ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі 
бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады, (ауызының 
пайда болуы гастропораға байланысты емес) және мезодерма энтероцельдік 
жолымен дамиды (мезодерманың бастамасы энтодерма қабатынан 


оқшауланып шығады). Екінші реттік ауыздыларға: тікентерілілер 
(Echinodermata),
жартылай хордалылар
(Hemichordata), хордалылар 
(Chordata) типтері жатады. Қармалауыштылар (Tentaculata), погонофоралар 
(Pogonophora)
және қылтанжақтылар
(Chaetognatha)
типтерінін 
эмбриологиялык даму жолдары Оеійегойотіаларға ұқсас болғандықтан
оларды шартты түрде ғана Deuterostomia-ларға жатқызып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет