Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ – SARCOMASTIGOPHORA



Pdf көрінісі
бет11/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   218
САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ – SARCOMASTIGOPHORA


Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін 
қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе 
талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойдтарының 
құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: 
саркодиналар - Sarcodina және талшықтьшар -Mastigophora.
САРКОДИНАЛАР КЛАСЫ – SARCODINA
Саркодиналардың 10 000-нан аса түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы 
суларда, ылғалды топырақтарда жиі кездеседі. 
Адамның және жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік ететін 
түрлері де бар. Барлық өкілдері жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары 
арқылы қозғалады.
Саркодиналар үш класс тармағына бөлінеді: тамыраяқтылар - 
Rhizopoda, сәулетәрізділер - Radiolaria, күнтәрізділер - Heliozoa.
ТАМЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RHIZOPODA
Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda үш отрядқа бөлінеді: амебалар -
Amoebina, қабыршақты амебалар - Testacea және фораминифералар - 
Foraminifera.
Амебалар отряды - Amoebina
Амебалардың негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың 
қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез келген жерінен 
уақытша цитоплазма өсінділерін - жалған аяқтарын шығаратын қасиеттері 
болады, өкілдерінің жалған аяқтары (псевдоподиялары) әр түрлі пішінді 
болып келеді: саусақ тәрізді, мысалы, Amoeba proteus, жебе тәрізді - A. 
cristalica және басқалары.
Амебалардың мөлшері әр түрлі - 10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. Ядролары 
біреу немесе көп болуы мұмкін. Мысал ретінде кәдімгі амеба - Amoeba 
proteus -тың құрылысымен танысамыз.
A. proteus - тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда 
көп тараған. Клеткасының көлемі - 0,5 мм. Денесі сыртынан цитоплазмалық 
мембранамен қапталынған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті, мөлдір 
сыртқы - эктоплазма, және коңырқай келетін, түйіршікті ішкі - эндоплазма 
(2-сурет). Цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органойдтар 
орналасқан.
Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы қозғалады. 
Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде пайда болып, сол өсінділердің 
бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке немесе 
доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сондықтан амебаның 
тұрақты пішіні де болмайды. 
Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ 


қарапайымдылармен фагоцитоз жолымен қоректенеді. Қорек заттарын 
жалған аяқтарымен орап алып, цитоплазманың ішіне тартады, содан кейін ас 
қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, 
қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді де, қорытылмаған ас 
қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын 
денесінің кез келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын 
денесінің кез келген жерінен сыртқа шығарып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет