Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсіндісі (cardium)
болады. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі қоректік заттардың
өңешке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.
Нематодтардың ортаңғы ішегі энтодермальды, қабырғасы бір қабат
эпителиальды клеткалардан құрылған, оны жұқа базальды жарғақ қаптап
тұрады. Ортаңғы ішектің алдыңғы бөлімі кеңейіп "қарыншық" немесе
жұтылған қоректің резервуары қызметін атқаратын - proventriculus түрінде
дамыған.
74-сурет. Аскариданың (Parascaris equorum) тері-бұлшықет қапшығы және бұлшықет
клеткалары: A - тері-бұлшықет қапшығының құрылысы (көлденең кесілген бөлшегі); 1 -
кутикула қабаты, 2 - мембрана, 3 - гиподерма, 4 - бұлшықет клеткалары, 5 - фибрилла, 6 -
протоплазма (саркоплазма), 7 - ядро, 8 - саркоплазма қапшығы, 9 - саркоплазмалық
қапшықтың көлденең кесіндісі, 10 - плазмалық өсінді; Б - бұлшықет клеткалары; 1 -
жиырылғыш бұлшықет талшықтары (миофибрилдер), 2 - ядро, 3 - саркоплазма қапшығы,
4 - плазмалық өсінді
Достарыңызбен бөлісу: