Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет106/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі 
бүйірінде арнайы тесігі бар екі зәр шығару түтіктері орналасқан. Олардан 
дене ішіне көптеген қосымша түтікшелер тарайды да, тұйықталған жұлдыз 
тәрізді - терминальды клеткалармен аяқталады. Түтікшелердің ұштары 
бүйірлік қан тамьфларымен тығыз байланысты болады, соның нәтижесінде 
қандағы зат алмасу процесінің жиналған қалдықтары зәр шығару жүйесіне 
өтеді.
Тыныс алу мүшесі жоқ.
Қан айналу жүйесі немертиндерде бірінші рет дамыған, осы 
белгісімен олар жалпақ құрттардан ерекше. Негізінде үш қан тамыры 
болады: арқа және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен дененің алдыңғы жағында 
бірігіп бүкіл дене бойында көлденең қосқыш қан тамырлары арқылы 
байланысады. Қан айналу жүйесі қоректік заттарды тасымалдайды, сонымен 
қатар қан түйіршіктерінде әр түрлі тыныс алу пигменттерінің, әсіресе 
гемоглобиннің болуы тыныс алу қызметін де атқарады деп санауға болады.
Нерв жүйесі жақсы жетілген. Орталық бөлімін екі жұп церебральды 
ганглиялар құрайды. Олардың бірінші жұбы тұмсық қынабының үстінде, ал 
екінші жұбы оның астында орналасып, екі нерв талшықтарымен 
байланысқан. Церебральды ганглиялардан артқа қарай екі бүйір нерв 
бағаналары өтеді, олар тері-бұлшықет қабының немесе паренхима 
аралығында орналасады. Ұзын нерв бағаналары көптеген көлденең, сақина 
тәрізді комиссуралармен байланысып, ортогон типті нерв жүйесін құрайды.
Сезім мүшелері құрамына: екі бүйір саңылауы, церебральды мүшелері 
және көздері кіреді. Бүйір саңылаулары мен церебральды мүшелері басының 
бүйір жағында орналасып, кірпікшелі эпителимен қапталған, тек 
церебральды мүшелері ішке қарай тереңірек батып, жіңішке түтікшелер 
арқылы церебральды ганглияларымен тығыз жанасып жатады. Осы екі 
мүшенің көмегімен жануар судың химиялық құрамының өзгерісін және 
қорегін сезеді. Церебральды мүшелер эндокриндік жүйенің қызметін 
атқарады деген болжам бар.
Көздері 2, 4 немесе одан да көп. Олардың құрылысы 
турбелляриялардың көздерінің құрылысына ұқсас келеді.
Теңіз түбінде тіршілік ететін немертиндерде сипап сезу мүшелері де 
жақсы жетілген. Сезім талшықтары бар клеткалар денесінде шашырап 
орналасқан.
Немертиндер дара жыныстылар. Жыныс жүйесі қарапайым 
құрылысты. Көптеген жұп аналық немесе аталық бездері дененің бүйірінде 
ішектің бүйір қалташа тәрізді өсінділерінің арасында жатады. Жұмыртқа 
клеткалары немесе сперматозоидтары қысқа тұқым жолы арқылы сыртқа 
шығарылады. Ұрықтануы сырттай.
Дамуы. Ұрықтанған жұмыртқаның бөлшектенуі толық, буылтық 
құрттардың спиральды детерминативті (мүшелердің алғашқы белгілері ерте 


пайда болуы) бөлшектенуіне ұқсас. Жұмыртқадан пилидий деп аталатын 
еркін жүзетін планктонды личинка шығады. Пилидий қалыптаса бастаған 
кезде бластопораның екі жағынан жалпақ қалақша тәрізді өсінділер дамиды. 
Сондықтан личинканың дене пішіні бүйірлі құлақшалары бар қалпақ тәрізді. 
Пилидияның бүкіл денесі кірпікшелі эпителимен қапталған. Денесінің 
төменгі жағында ұзын кірпікшелері бар ауыз алды белдеуі (алқабы) өтеді, ал 
күмбез тәрізді төбесінде қалың әрі ұзын сезімтал кірпікшелер шашағы 
(сұлтан) болады (72, В - сурет).
Пилидий денесінің астыңғы жағында, екі қалақша тәрізді өсіндінің 
ортасында орналасқан ауыз тесігі, ауыз қуысына, ал ол алдыңғы ішекке өтіп, 
қапшық тәрізді энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасады. Артқы ішегі
аналь тесігі жоқ.
Немертиндердің дамуының бір ерекшелігі - пилидия эпителиясы ересек 
немертиннің эпителиясына айналмай, уақытша ғана қызмет атқарып, 
личинка ересек құртқа айналғанда түсіп қалады, яғни түлейді. Ең алдымен 
личинка эпителиінен эктодерма және энтодерма арасына немесе алғашқы 
дамуындағы денесінің қуыс аралығына жеке клеткалар бөлініп шығады да 
ортаңғы (мезодерма) ұрық жапырақшасының бастамасын түзейді, олардан 
дәнекер тканьдері мен кейбір ішкі мүшелері дамиды. Осындай іріктелген 
немесе диффузияланған мезодерма - мезенхима деп аталады.
Немертиннің дене эпителий жамылғысы және ішкі мүшелері мынадай 
жолмен пайда болады: біріншіден, пилидияның эктодермасынан ішке карай 7 
төмпешік (диск) түзіледі: біреуі личинка денесінің алдынғы үстінде, қалған 
үш жұбы екі бүйірінде және ауызының артында. Кейіннен осы төмпешіктер 
дене ішіне ене өсіп, бір-бірімен тұтасып, әлі жетілмеген ішек пен 
мезенхиманы жан-жағынан қоршап, пилидия жамылғысының астында 
эктодермальды екі қабатты қапшықты түзейді. Сонымен қатар, үстіңгі 
төмпешіктен алдыңғы бөлімінің эпителий жамылғысы, тұмсығы және нерв 
жүйесі, екі бүйір төмпешігінен - церебральды мүшелер, соңғысынан - дене 
эпителия жамылғысы құралады. Құрттың бұлшықеттері мезенхима 
клеткаларынан қалыптасады. Осылай пайда болған құрт пилидий 
қабырғасын бұзып сыртқа шығады да, теңіздің түбіне түсіп, өз бетімен 
тіршілік етуге көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет