Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Банкрофт жіпшесі - Wuchereria bancrofti



Pdf көрінісі
бет121/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Банкрофт жіпшесі - Wuchereria bancrofti адамда "піл ауруын" - 
элефантиазис ауруын тудырады. Дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. 
Ересек түрлері адамның лимфа бездерінде және лимфа капиллярларында 
тіршілік етеді. Сол жерде аналығы көптеген личинкаларды тірідей туады. 
Оларды "түнгі микрофиляриялар" деп атайды, өйткені түнде личинкалар дене 
сыртына жақын лимфа капиллярларында болса, күндіз дененің терең 
орналасқан лимфа бездерінде, өкпе, жүрек, бүйрек тамырларында болады. 
Бұл паразиттің аралық иесі қансорғыш масалар (Culicidae тұқымдасы). Маса 
ауру адамның қанын сорған кезде, оның ішегіне қанмен бірге личинкалар 
-микрофиляриялар да түседі. Олар ішектің қабырғасын тесіп, дене қуысына 
өтеді де, сол жерде өсіп, дамып гемолимфа ағынымен масаның тұмсығына 
жиналады. Кейін, маса сау адамның қанын сорғанда личинка адамның 
терісіне, одан лимфа тамырларына өтіп, ересек формасына айналады. Лимфа 
тамырлары зақымдалып, тамырлардың бітеліп қалуына және қоймалжың 
лимфа жиналуына байланысты, жарақаттанған жер қатты ісініп "піл ауруы" 
пайда болады (83, В - сурет). Элефантиазис ауруы тропикалық және 
субтропикалық елдерде кең таралған.
ПАРАЗИТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Зоология ғылымының паразитті құрттарды зерттейтін саласы - 
гельминтология деп аталады. Паразитті құрттар арқылы адам, жануарлар мен 
өсімдіктер организмінде пайда болатын аурулар - іш-құрт немесе гельминтоз 
ауруы деп аталады. Сорғыш құрттардың салдарынан - трематодоз, таспа 
құрттардан - цестодоз, жұмыр құрттардан - нематодоз аурулары пайда 
болады. Осылардың ішінде әрбір түрдің тудыратын ауруы туыс атымен 
аталады. Мысалы: Fasciola hepatica - бауыр сорғыштың тудыратын ауруы - 
фасциолез; Echinococcus granulosus - эхинококкоз; Ascaris lumbricoides - 


аскаридоз; Trichinella spiralis - трихинеллез, т.б.
Паразит деген ұғымның өзі гректің "para"- жанында, "sitos"- қоректену 
деген сөзінен шыққан. Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі 
басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф 
Лейкарт (1879). Лейкарттың анықтамасы бойынша паразит дегеніміз - бұл бір 
организмнің екінші бір организмде тіршілік етіп және сол иесін қорек ретінде 
де, мекен ретінде де пайдаланатын жануар. Паразиттер өз иесінен кіші 
болады.
Паразитизм табиғатта өздігінен туа пайда болатын процесс емес. Тірі 
организмдердің бірімен-бірі тығыз байланысты тіршілік етуінен немесе 
селбесіп өзара қарым-қатынастық жасауынан, эволюциялық даму барысында 
өздері мекендейтін ортаның сан алуан әсерлеріне бейімделуден болатын 
процесс. Мысалы, судың ішіндегі (немесе теңіздің) өз бетінше тіршілік етіп 
жүрген балық пен майда құрттарды алатын болсақ, қандай бір жағдайлармен 
жаңағы құрт балық денесіне жабысты. Бұл жерде ол өзінің әдетте қоректенуі 
бойынша, майда жәндіктерді қармап қоректене береді. Бір мезгілде ол балық 
денесіндегі сілекейдің дәмін татып, енді сол сілекеймен қоректенеді. Сілекей 
- бұл нағыз дайын органикалық зат. Сондай-ақ балық денесі қандай да бір 
әрекеттермен жараланып, ол жерден шықкан қан құрттың аузына құйылады. 
Бұл қанмен қоректенген құрт оған да бейімделе бастайды. Енді, құрт осылай 
қоректенуге бейімделгенде, балық денесі жазылып, құрт өзінің әдеттенгендік 
қорегін іздеп, жорғалап балықтың желбезегіне келеді, оны жарақаттап, 
қанымен қоректенеді. Одан кейін құрт жұтқыншаққа, өңешке және тағы бір 
кезеңде ішекке өтеді. Міне осылай, құрт еркін тіршілік етуден, дайын 
қоректік затпен қоректеніп, өзінің иесін пайдаланып паразиттік тіршілік 
етуге көшеді. Паразитизмге өтуге көптеген басқа жолдар да бар.
Паразиттер өздерінің тіршілік ету циклында екі иені пайдаланады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет