Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda



Pdf көрінісі
бет178/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda
Жылы теңіздерде, су түбінде көмшіп тіршілік ететін шаяндар. Денесі 
созылыңқы (34 см-ге дейін), құрсағы өте ұзын және мықты, аяқтары екі 
бұтақты, жүзуге және тыныс алуға бейімделген. Басы протоцефалон, онда 
қозғалмалы әрі сабақшалы фасеттік көздері мен екі жұп мұртшалары 
орналасқан. Кеуденің алдыңғы 4 сегменттері жақкеуде құрамына кіреді. 
Кеуде аяқтарының алғашкы 5 жұбы (әсіресе 2-ші жұбы) ұстағыш аяқтарына 
айналған, 2-ші жұп аяғының соңғы буыны екі бүйірінен кетік ұстараның жүзі 
сияқты қабыстырылған және бәкі пышақ тәрізді өзінің алдыңғы буынының 


арнайы ойысына (науа) салынады.
Желбезектері кеуде және құрсақ аяқтарында дамыған. Жүрегі ұзын, 
түтікті. Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкалары планктонды. 200-ге жуық. 
түрі бар. Негізгі өкілі дәуіт-шаян - (Sguilla oratoria), ұзындығы 20 см. 
Жерорта теңізінде, сонымен қатар Тынық және Үнді мұхиттарында тамаққа 
қолданылатын кейбір ірі ауызаяқты шаяндарды аулау кәсібі дамыған.
Мизидалар отряды - Mysidacea
Басым көпшілігі теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін шаяндар. 
Ұзындығы 0,5-2,5 см. Басы - протоцефалон, бір жұп сабақшалы фасеттік 
көздері және мұртшаларынан тұрады. Кеудесінің алдыңғы 3 сегменттері 
жақкеуде құрамында. Кеуде аяқтарының бірінші жұбы жақаяғына айналған, 
қалғандары екі бұтақты. Желбезектері жоқ, карапакс арқылы тыныс алады 
(карапакс үш кеуде сегментін жауып тұрады). Соңғы жұп құрсақ аяқтарының 
эндоподиттерінің түбінде тепе-теңдік мүшелері - статоцисттері орналасқан.
Аналығы жұмыртқаларын кеудесінде орналасқан тұқым шығарушы 
қалтасында алып жүреді. Дамуы метаморфозсыз, жұмыртқадан шыққан 
ұрпақтарының ересек түрлерінен көп айырмашылығы жоқ.
Мизидалар
органикалық қалдықтармен, балдырлармен, ұсақ 
шаяндармен қоректенеді. 500-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілі - Mysis relicta 
Солтүстік Еуропада, Америкада салқын және таза көлдерде мекендейді. 
Mysida туысының көптеген түрлері Каспий теңізінде және тұщы су 
қоймаларында кең тараған. Мизидалардың жасанды суат және 
шаруашылықтағы балықтардың негізгі қорегі ретінде ерекше маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет