Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет186/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   218
Қан айналу жүйесі. Қан айналу жүйесі жақсы дамыған. Ұзын түтік 
тәрізді жүрегі 8 қос остийден тұрады. Жүректің артқы жағы тұйық, ал 
алдыңғы жағынан 
115-сурет. Семсерқүйрықтылардың ішкі құрылысы: А - қан айналу жүйесі; Б - нерв 
жүйесі; В - зәр шығару жүйесі (коксальды без); Г - аналық жыныс жүйесі; 1 - алдыңғы 
қолқа, 2 - жүрек, 3 - остиялар, 4 - бүйір артериясы, 5 - ұзына бойы артериясы, 6 - ми, 7 - 
жұтқыншақ маңындағы сақина-коннектива, 8 - аяқты нервтендіретін нервтер, 9 - құрсақ 
нерв тізбегі, 10 - бүйір нерв бағанасы, 11 - қапшық тәрізді өсінділер, 12 - зәр шығару өзегі, 
13 - зәр шығару тесік, 14 - тор тәрізді аналық без
аорта және оның екі бүйірінен 4 қос артерия кетеді. Бұл артериялар бүйір 
бағанасына бірігеді. Артериядан шыққан гемолимфа дененің ішкі 
мүшелерінің арасындағы қуысқа, одан соң синусты жүйеге жиналып, сол 
арқылы жүрек жанындағы қуысқа (перикардияға), ақырында остийлері 
арқылы жүрекке құйылады (115-сурет). Семсерқұйрықтылардың 
гемолимфасының құрамындағы тыныс алу пигменті-гемоцианин 
гемолимфаға көкшіл түс береді.
Нерв жүйесі ми ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина 
коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған.
Миы мүшеленбеген, бірақ көру орталықтарынан жойылып кеткен 
мұртшаларын немесе антеннулаларын нервтендірген ганглиялар қалдықтары 
бар. Миға жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы жалғасқан, ол 
хелицераны, баскеудедегі жүру аяқтарын және желбезектерді нервтендіреді.
Құрсақ нерв тізбегінде 6 ганглиялары бар. Ганглияның соңғысы 
біріккен ганглия түйіндерінен құралған. Құрсақ нерв тізбегіндегі 
ганглиялардан шыққан нервтер дененің бүйірінде ұзына бойы жатқан нерв 
бағанасына жалғасады.
Сезім мүшелері. Семсерқүйрықтылардың екі жұп көздері болады. 
Көздерінің бірінші жұбы - қарапайым көзшелер баскеуденің арқа жағында, 
мидың үстіңде, ал екіншісі - күрделі көздері көзшелердің жанында 
орналасқан.
Күрделі көздер көптеген бір-біріне тығыз орналасқан ұсақ көзшелерден 
тұрады, ол үстіңгі жағынан мөлдір хитинді кутикуламен көмкерілген.
Жыныс жүйесі. Семсерқұйрықтылар дара жыныстылар. Жыныс 
бездері қосарланған және бұтақталған, өзара түтік тәрізді қапшықтарды 
құрайды. Олардың ұрық шығару жолы құрсақтың бірінші сегментіндегі 
желбезек қақпақшасының астында сыртқа ашылады.
Эмбриональды дамуы метаморфоз жолымен өтеді. Жұмыртқадан 
шыққан личинканың сегменттері толық, бірақ құрсағы жетілмеген


құрсағында аяқтары болмайды. Құрсағы кішкентай қалқаншамен бітеді.
Личинка құрылым жағынан трилобиттерге өте үқсас, сондықтан 
трилобитті личинка деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет