Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - CHELICERATA



Pdf көрінісі
бет184/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - CHELICERATA
Хелицералылардың 54000-ға жуық түрі бар, басым көпшілігі құрлықта 
тіршілік етеді. Алғашқы хелицералылар су жәндіктері болған. 
Хелицералылардың денесі - баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. 
Баскеуде 7 (бас қалақшасы мен кеуде) сегменттің қосылуынан түзілген, 
сондай-ақ 7-ші сегменті көп түрлерінде редукцияға ұшыраған. Баскеуде 
бөлімінде 6 жұп аяқтары бар. Олардың бірінші жұбы қоректі шайнау және 
ұнтақтау қызметін атқарып, хелицераға айналған (тип тармақтың атауы да 
осыдан), екінші жұбы педипальпалар - сезу, қармалау, кейбір түрлерінде 
шағылысу қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы - жүру аяқтары.
Хелицералылардың негізгі ерекшелігі - бас қалақшасындағы 
(акрондағы) мұртшасының немесе антеннуласының редукцияға ұшырауы.
Хелицералылар тип тармағына үш класс жатады: Семсерқұйрықтылар 


-Xiphosura, Алып қалқаншалылар - Gigantostraca және Өрмекшітәрізділер 
-Arachnida.
113-суретТрилобиттер және олардың дамуы: A - Cheirurus quenstedtii (арқа жағынан); Б - 
Triarthrus becki (құрсақ жағынан); В - протаспис личинкасы; Г, Д - аналь қалқаншасының 
және сегменттерінің пайда болуы (анаморфоз); 1 - бас қалқаншасы, 2 - личинка 
сегменттері, 3 - көзі, 4 - аналь қалқаншасы, 5 - постларвальды сегменттері
СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - XIPHOSURA
Семсерқұйрықтылар қазіргі кезде құрып кетуге жақын, саны аз ғана, не 
бары 5 түрі бар, палеозой эрасында кең тараған, теңіздерде тіршілік ететін 
буынаяқтылар. Ұзындығы 50-90 см, ал Limulus polyphenus-тың ұзындығы 0,5 
м болып келеді.
Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтропикалық 
теңіздерде тараған, біреулері Limulus polyphenus - Атлант мүхитында, 
Солтүстік және Орталық Америка жағалауларында, қалғандары Малай 
архипелагында, Филиппин және Жапон аралдарында (Tachypleus, 
Carcinoscorpius), су жағалауларында 4-10 метр тереңдігінде тіршілік етеді. 
Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасындағы құмға салады. 
Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас дәуірінен табылған, ал Hemiaspis 
силур дәуірінен белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет