Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет210/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

129-сурет. Кивсяк-Schizophyllum sabulosum: A - денесінің алдыңғы және артқы бөлімі; 1 - 
акрон, 2 - күрделі көз, 3 - антенна, 4 - иіс және дәм сезу мүшесі, 5 - жоғарғы ерін, 6 - 
жоғарғы жақ, 7 - жақ, 8 - түрі өзгерген аяқ, 9 - аяқ, 10 - жыныс тесігі, 11 - үшінші 
сегменттің аяғы, 12 - сегменттің қос жұп аяғы, 13 - тельсон, 14 - өсу зонасынан пайда 
болған сегменттер, 15 - екі сегментгің қосылуы, 16 - улы бездерінің сыртқа ашылатын 
тесіктері, 17 - мойын сегменті, І-ІІІ - "кеуде" сегменттері, IV-VIII - "құрсақ," сегменттері; 
Б - lulus кивсяктың алты аяқты личинкасы; 1 - бас, 2 - тельсон, 3 - ұрық аяқтары, 4 - 
буынаяқтары, 5 - антенна, I-V - дене сегменттері
150-ге жуық түрі бар, барлық аймақтарда (Антарктидадан басқа) кең 
тараған. Негізгі өкілі Scolopendrella immaculata, ұзындығы 8 мм, мекені 
орталық, және оңтүстік Еуропаның орманды аймағы. Шіріген өсімдік 
қалдықтарымен қоректенеді. Кейбір түрлері өсімдіктерге зиян келтіреді. 
Негізгі туыстары: Scolopendrella, Scutigerella, Hanseniella (130-сурет).
130-сурет. Көпаяқтылар (Myriopoda): A - Scolopendrella immaculata (Symphyla кл. 
тармағы); Б - Pachimerium ferrugineum (Chilopoda кл.тармағы); В - Lithobius forficatus 
(Chilopoda кл. тармағы); Г - Polydesmus complanatus (Diplopoda кл.тармағы); Д - Pauropus 


silvaticus (Pauropoda кл.тармағы): 1 - бас, 2 - антенна, 3 - жақаяқ, 4 - тұлға аяқтары, 5 - 
аналь тесігі, 6 - мойын бунағы, І-ХІХ тұлға сегменттері
ПАУРОПОДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - PAUROPODA
350-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1 -2 мм, өте ұсақ көпаяқтылар. Денесі 
10 сегментті, жақсы дамыған 9 жұп жүру аяқтары бар, Соңғы сегменті 
аяқсыз. Мұртшасының (антеннасының) ұшы үш тармақты, ауыз аппараты екі 
жұп жақ тақтасынан тұрады: үстіңгі жақ - мандибула және жұпсыз 
гнатохилярий (бірігіп кеткен төменгі жақ). Бас бөлімінен кейінгі "мойын" 
сегменті - ол максилла II. Пауроподалардың денесі жұмсақ хитинді 
кутикуламен қапталынған, тыныс мүшесі дамымай, бүкіл денесімен тыныс 
алады. Тұлға бөлімінің арқа жағында, бүйірлерінде 5 жұп ұзын сезгіш 
қылтанаяқтары бар. Даму жолы анаморфоз. Жұмыртқаларын топыраққа 
топтастырып салады, 12-14 күннен кейін алты аяқты личинкалары шығады. 
Даму кезеңі 3-4 ай.
Пауроподалар ылғалды жерлерде кең тараған, көбінесе шіріген өсімдік 
қалдықтарының арасында, топырақта, жапырақтардың астында, шіріген 
ағаштардың ішінде. Ұсақ кенелерді және детритті қорек етеді. Негізгі 
туыстары: Pauropus, Eurypauropus. Pauropus туысының өкілдері ұзындау
жылдам қозғалады, ал Eurypauropus жалпақтау, өте жай қозғалады. Негізгі 
өкілі Pauropus silvaticus, ұзындығы 1 мм. Еуропада кең тараған (130-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет