Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


типіне мынандай кластарды енгізді: 1. Сүтқоректілер. 2. Құстар. 3.  Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар. 4. Балықтар. Жұмсақ



Pdf көрінісі
бет6/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

типіне мынандай кластарды енгізді: 1. Сүтқоректілер. 2. Құстар. 3. 
Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар. 4. Балықтар. Жұмсақ 
денелілер типіне: 1. Басаяқтылар. 2. Қанатаяқтылар. 3. Бассыздар. 4. 
Иықаяқтылар (иін). 5. Бауыраяқтылар. 6. Мұртаяқтылар; Бунақтылар 
типіне: 1. Буылтық құрттар. 2. Шаянтәрізділер. 3. Өрмекшітәрізділер. 4. 
Насекомдар. Сәулелілер типіне: 1. Тікентерілілер. 2. Құрттар. 3. Атқыштар. 
4. Полиптер. 5. Инфузориялар.
Ж. Кювье, Линней сияқты, түр өзгермейді деді. Типтердің 
өзгермейтіндігі және тұрақтылығы туралы метафизикалық ұғымды қолдады.
Ж. Кювьемен қатар орыс ғалымы К. Бэр (1729-1876) салыстырмалы 
эмбриологияның дамуына жол ашты. Ол жеке организмдердің ұрықтарының 
дамуына арнап "Жануарлардың даму тарихы" (1834) деген екі томдық кітап 
жазды, мұнда ол жануарлардың дамуы бір клеткадан басталатындығын 
анықтады, эмбриональдық даму бірнеше жеке процестерге бөлінетіндігін 
көрсетті және ұрық күрделі организмге бірте-бірте даму процесінің 
нәтижесінде айналатынын көрсетті. К. Бэрдің тағы бір жаңалығы, ол 
сүтқоректілердің жұмыртка клеткасының болатыңдығын ашты.
К. Бэр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму жолдарын зерттеп, 
оларды төрт типке бөлді (Ж. Кювьенің бөлген типтеріне сәйкес). К. Бэр 
эволюция туралы алғашқы айтылған "түр өзгеріске ұшырайды және тұрақты 
болмайды" деген пікірді қолдамады. 
Орыстың көрнекті эволюционисі К. Ф. Рулье (1814-1858) органикалық 
дүниенің тарихи даму жолдарын зерттеді.
XIX ғасырда ілімді толық дәлелдеп, оған материалистік түсінік берген 
атақты ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882) болды. Ол өзінің 
эволюциялық теориясын "Түрлердің табиғи сұрыпталу жолы мен пайда 
болуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы жағдайға ұшыраған 
тұқымдардың сақталуы" (1859) деген еңбегінде жариялады. Осыған орай 
биология ілімінің бір саласы - эволюциялык теория деген атқа ие болды.
"Түрлердің шығу тегі" (1864), "Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің 
өзгеруі" (1868), "Адамның тегі және жыныстық сұрыптау" (1871), " Адам мен 
жануарлар түйсігінің білінуі туралы" (1872) сияқты еңбектерінде Ч. Дарвин 
эволюциялық теорияларын жеке зерттеп, түрлердің тегі және эволюцияның 
қозғаушы күштерін айқындады. Дарвиннің пікірі бойынша, органикалық 
дүние эволюциясының негізгі қозғаушы күштері - ол тұқым қуалаушылық
өзгергіштік, тіршілік үшін күрес пен табиғи сүрыпталу.


XIX ғасырда ботаник Матиас ІІІлейден (1804-1881) және зоолог Теодор 
Шванн (1810-1882) клетка теориясын жасап жарыққа шығарды. Т. Шванн 
"Жануарлар мен өсімдіктердің құрылысы мен өсуіндегі сәйкестік туралы 
микроскоптық зерттеулер" (1839) деген еңбегінде өсімдіктердің, 
жануарлардың денесі клеткалардан құралатындығын, клеткаларының 
химиялық құрамы жағынан бір типтес екендігін және барлық тканьдер 
клеткалардан құралатындығын дәлелдеген. М. Шлейден цитогенезис 
теориясын ұсынған.
XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Фриц Мюллер 
(1822-1897) және Эрнст Геккель (1834-1919) биогенетикалық заңды ашты. 
Заңның тұжырымы: "Әрбір особь жеке дамуында өз түрінің даму тарихын 
қысқаша қайталайды, немесе онтогенез - филогенездің қысқаша да шапшаң 
қайталануы". Э. Геккель "Жалпы морфология" (1866) деген еңбегінде 
организмдер арасындағы туыстық байланыстарды, онтогенез бен 
филогенездің арасындағы терең байланыстылықты көрсетті және онтогенез 
белгілерінің екі типін көрсетті: палингенез - арғы тегінің белгілері, ценогенез 
- организмдердің бейімделу барысындағы пайда болған екінші реттік 
белгілері.
XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырда ашылған жаңалықтармен 
бірге көптеген ғалымдардың еңбектерінің арқасында биологияның жекелеген 
салалары өркендеп дами бастады.
Систематика, зоогеография және фаунистиканың дамуында М. А. 
Мензбир, П. П. Сушкина, Л. С. Берг, С. И. Огнев, А. В. Иванов, В. Г. 
Гептнер, Г. П. Дементьевтің және баска ғалымдардың зерттеулерінің орны 
айрықша. Экологияның дамуына - Н. Ф. Рулье, Б. М. Житков, Д. М. 
Кашкаров, А. Н. Формозов т. Б. едәуір үлес қосты. В. О. Ковалевский, П. 
Сушков және А. Борисяк - эволюциялық палеонтологияның, И. М. Сеченов 
және И. П. Павлов - физиологияның дамуына зор үлестерін қосты.
Салыстырмалы эмбриология ілімінің негізін салушылардың қатарында 
көрнекті орыс ғалымдары А. О. Ковалевский (1840-1901) және И. И. 
Мечников (1845-1916) болды. Олар жануарлардың ұрықтық даму жолдарын 
зерттеп, ұрық жапырақшаларының (эктодерма, энтодерма және мезодерма) 
қалыптасу
жолдарын
белгілеп,
барлық
жануарларда ұрық 
жапырақшаларының ұқсас болатындығын, органикалық дүниенің бірлігін 
дәлелдеп берді.
Эволюциялық эмбриологияның проблемаларын белгілі дәрежеге 
жеткізген атақты эмбриологтар А. Н. Северцов, И. И. Шмальгаузен, П. П. 
Иванов, П. Г. Светлов, А. А. Захваткин, Г. А. Шмидт.
Жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен морфологиясының 
негіздерін зерттеуде көп еңбек жасаған ғалымдар: В. Н. Беклемишев, В. А. 
Догель, В. М. Шимкевич, И. И. Шмальгаузен, Б. А. Домбровский т.б.
Эволюциялық морфология негіздерінің мәселелерін шешуде көрнекті 
ғалымдар академик А. Н. Северцов (1866-1936), И. И. Шмальгаузен (1864-
1963) табысты еңбек етті. А. Н. Северцов эволюцияның негізгі бағыттары 
ароморфоз, идиоадаптация және дегенерациядан құралатынын анықтап 


берді. А. Н. Северцов "Морфология эволюциясының заңдылықтары" (1939) 
деген еңбегінде филэмбриогенез теориясын ұсынды.
Паразитологияның даму тарихы Е. Н. Павловский (1884-1965), В. А. 
Догель (1882-1955), К. И. Скрябин (1878-1972), В. Н. Беклемишев (1890-
1962), Е. И. Марциновский (1874-1934) есімдерімен байланысты. Бұл салада 
жануарлар паразитологиясын зерттеуде комплексті биологиялық қадам 
жасалды.
Академик Е. Н. Павловский трансмиссивті (тасымалдаушы) аурудың 
"табиғи ошағы" теориясын ұсынып, адам мен үй жануарларының осы 
аурумен күресудің ғылыми негізін жасады.
К. И. Скрябин трематодтар, цестодтар және нематодтар құрттарын 
жан-жақты зерттеп, көп еңбектер жазды, гельминтология ғылымының 
дамуына үлкен үлес қосты.
В. А. Догель бір-бірімен байланысты үш салада - протистология
экологиялық паразитология және салыстырмалы анатомия саласында жұмыс 
істеді. В. А. Догельдің ең атаулы еңбектері: "Жалпы протистология" (1951), 
"Жалпы паразитология" (1951), "Омыртқасыздардың салыстырмалы 
анатомиясы" (1938). 1934 жылы "Омыртқасыздар зоологиясы" деген оқулығы 
бірінші басылым ретінде басылып шықты. В. А. Догельдің көмегімен біздің 
елде балықтарды зерттеу жұмыстары іске асты. 1930 жылы В. А. Догель 
Арал теңізіне экспедициямен келіп, балықтарда болатын паразит құрттарды 
зерттеді. 1934 жылы В. А. Догель "Арал теңізі балықтарының паразиттері" 
деген монографиясын шығарды. 1938 жылы Каспий теңізі балықтарын 
зерттеп, "Каспий теңізінің балықтарының паразиттері" деген монографиясын 
шығарды.
1941-1944 жылдары В. А. Догель Алматыда, Қазақ Мемлекеттік 
университеті биология
факультетінде жұмыс істеді. Омыртқасыз 
зоологиядан, жалпы паразитологиядан студенттерге лекция оқыды. 
Қазақстанда ихтиологияның, ихтиопаразитологияның дамуына біраз үлес 
қосты.
Республикамыздағы паразитология мен гельминтологияның дамуына 
өздерінің үлестерін қосқан Галузо, Р. С. Шульц, Е. В. Гвоздев, К. Б. Сванбаев 
т. б.
Зоологияның жақсы дамыған саласының бірі - энтомология.
Энтомологияның дамуы насекомдардың практикалық және теориялық 
маңызымен байланысты. Насекомдардың көпшілігі ауыл шаруашылығының 
басты зиянкестері, адамға және жануарларға әр түрлі жүқпалы ауру 
таратушылар болып табылады. Пайдалы түрлері де көп. Сондықтан 
насекомдарды жан-жақты зерттеу, зиянкестерге қарсы шара қолдану 
әдістерін табу, энтомологияның негізгі міндеті. Энтомологияның дамуына 
үлкен үлес қосқандар: Н. А. Холодковский, А. С. Данилевский, Б. Н. 
Шванвич, Г. Я. Бей-Биенко, А. А. Штакельберг, А. С. Мончадский, М. С. 
Гиляров, В. В. Шевченко, А. М. Дубицкий, П. И. Мариковский, Т. Н. 
Досжанов.
Қай ғылым саласы болсын оның дамуына, ғылым ретінде танылуына 


зерттеу әдістері көп көмегін тигізеді. Неғұрлым жаңа зерттеу әдісі ашылса, 
соғұрлым жануарлардың жаңа белгілері, түрлері табылады. Мысалы, XX 
ғасырдың соңғы жылдарының ірі табыстарының бірі - жаңа Погонофора 
типінің ашылуы болды.
Зоология - қазіргі уақытта тез дамып келе жатқан ғылым. Оның 
табыстарын жоғалтып алмай, жануарлар дүниесін қорғау және ғылыми 
негізінде ұтымды пайдалану, табиғат байлықтарын көбейту ісі әрбір адамның 
борышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет