Семинар-14 Орындаған



Дата05.02.2023
өлшемі19,45 Kb.
#65322
түріСеминар
Байланысты:
14сем


Семинар-14
Орындаған: Абирова Кымбат Орынгалиевна
Жиырма бірінші ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі – білім беруді жаңарту. Қазіргі таңда өзекті педагогикалық проблемалардың бірі – бұл оқу процесіне жаңа әдіс-құралдарын енгізу. Олар оқушыларға өздерін жеке тұлға ретінде ашылуына бағытталған.
Оқу процесінің әдеттегідей , үлгіқалыпқа сәйкес емес әдіс-тәсілдерімен ұйымдастыру , оқушыларға жеке көмек бере отырып , тұлғаның жеке және кәсіптік деңгейін анықтауға бағытталған , оқушылардың жаңа білімді өз бетімен алып қолдануына талап дағдыларын өндіру – қазіргі білім берудің басты мақсаты. Бұл бағытта үлкен мүмкіндік беретін жобалау қызметі , оқушылардың белсенді амал әрекеті арқылы рухани және кәсіптік тұлға болуына бағытталған.
Ғылыми – зерттеу жұмысы оқушыларды өз бетімен ізденіске , парасаттылық , қызықты жұмысқа қатыстыруға көмектеседі , өзін шығармашылықта көрсетуге мүмкіндік береді , сонымен қатар қызығушылық , эстетикалық жағынан тәрбиелейді.
Жобалау әдісінің негізі – оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту , білімдерін өз бетімен құру шеберлігі және ақпараттық кеңестікте хабардар болу , сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Жобалау әдісі әр уақытта әлдебір мәселені шешуді ұйғарады. Жобаның ерекшелік айрықшасы мұнда оқушының өз бетімен жұмыс істеу әрекетіне және жұмысты жоспарлауға ерекше көңіл бөлінеді.
Жобалау әдісімен жұмыс ұйымдастырғанда оқушылар тек қана өз бетімен жекеше жұмыс істей қоймайды , оларға топпен де , жұппен де жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Бұл оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырады.
Жеке жоба жұмысын таңдағанда , біріншіден , тақырыбы авторға қызық болуы керек , екіншіден , өзекті , үшіншіден жобалаушы. Жеке тұлға қызығушылығының шарты бірінші орында болғандықтан , оның қызығушылығы және әуестенушілігі есепке алынады.
Жоба технология сияқты мынадай кезеңдерді енгізеді: басы , жоспарлау , шешім қабылдау , орындау , рефлексия (жұмысты бағалау ) , қорғау.
Зерттеу жұмыстарын жүргізгенде жоспарлаудың үлкен маңызы бар. Жоспарлау – бұл жобаның орындау кезеңдерін ерекшелеу , алдағы жұмысқа жоспар құру , жобаның өз құрылымын жасау.
Жоспар әр топқа , әр оқушыға жеке құрастырылады: әрбір топ , әрбір оқушы тапсырма алады , шамамен орындау мерзімі және ұйғаратын нәтижесі белгіленеді.
Жұмыс жоспарын құрастыру:
1 Тақырыбы.
2 Жобаның тақырыбы бойынша материал жинап, талдау.
3 Жобамен жұмыс жасау кестесін құрастыру.
4 Кеңес алу. Талдау. Черновикпен жұмыс.
5 Жобаны хаттау ( презентация жасау ).
6 Жобаны алдын ала қорғау.
7 Жобаны түзету. Толықтыру.
8 Жобаны қорғау.
Жобалау қызметінің ең маңызды бөлігі – жобаны орындау. Жобаны орындау барысында келесі мақсаттар қойылады:

  • Оқушыларды қисынды ойлауға үйрету (гипотеза құрастырып адасқандарын көру үшін)

  • Шығармашылық жағынан ойлауға үйрету (жаңа идеяларға алып баратын өзара байланысты көру үшін)

  • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету ( сұрақ қойып пікір құрастыру үшін)

Жоба екі орындалу кезеңінен тұрады: жұмысты жазу , жобаны хаттау (презентация жасау).
Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп , жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.
Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз.
Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткен сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында жобалау әдістемесін қолдана бастадық.
Жобалау технологиясының бізді қызықтырғаны – балалардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жобалау түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Осы аталмыш жұмыс белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып , мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше, жұптық , топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқашан жобалау тәсілі бойынша іске асырамыз. Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық , шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады. Жобалау әдісін дұрыс түсіну үшін жобалаудың белгілерін , турлерін білу керек.
Технологиядағы жобаның түрлері:

  • Ғылыми жоба

  • Шығармашылық жоба

  • Ойын түріндегі жоба

  • Ақпараттық жоба және т.б.

Мерзіміне қарай қысқа мерзімді , ұзақ мерзімді жоба болып бөлінеді.
Жобалау технологиясының негізі – оқушылар дайын нәрсені қабылдайтын емес , өз бетімен ізденіп , дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – білім алушылардың, оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту , өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру , ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сын тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру. Сонымен қатар жобалау технологиясы оқушылардың іздемпаздық , танымдық белсенділіктерін арттырады.
Жобалау әрекеті – мұғалімнің жаңа әдістерді өз тәжірибесіндегі енгізудің жаңа үлгілерін , оқушылардың өз бетімен білім алуына әрекетін ұйымдастыруына негіз болады. Мұғалімнің өз жұмысын жобалау оқушының оянбай жатқан мүмкіндіктерін дамытуға , өз ісіне сыни баға бере білуіне , өзі және басқаның , өзі және ортаның , өзі және ұжымның үйлесімді қарым-қатынасына жол ашады. Жобалау әрекеті әр түрлі әлемдегі оқу жүйелеріне көптеп енуде. Ол оқушыға жекелеген білім жиынтығын беріп қана қоймай , өздігінен білім алуына, алған білімдерін танымдық проблемаларды шешуге қолдануға мүмкіндік беретін, коммуникативтік еп-дағдыларды меңгеруге , яғни әр түрлі топта жұмыс істей білуге үйрететін бірден бір әдістеме. Ол сонымен қатар адами қарым-қатынастың кеңдігімен , әр түрлі мәдениеттер мен бір мәселе төңірегіндегі әр түрлі пікірлерді тыңдауға мүмкіндік береді.
Жобалау оқушылардың өз бетімен білім алу әрекетін ұйымдастыруға негіз болады. Бұл технологияның басты сипатының бірі – тұтастығы мен жүйелігі айқын болады және сол қасиеттер әрдайым сақталып отырады.
Жобалау әрекетін қолданудағы шешілетін негізгі талаптар:

  • Зерттеушілік , шығармашылық мағынада маңызы бар проблемалардың қарастырылуы (кіріктелген білім жиынтығын қажет ететін міндеттер , оны шешудің зерттеушілік , іздену жолдарының болуы) ;

  • Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік , теориялық танымдық маңыздылығы ;

  • Оқушылардың өздік іс әрекеті ( жеке , топтық , жұптық ) ;

  • Жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру ( кезеңдік нәтижелерді көрсете отырып )

  • Зерттеу әдістерін колдану ( мәселені анықтау , одан шығатын зерттеу міндеттерін анықтау , зерттеу жолдарын талқылау , түпкі нәтижені рәсімдеу ) ;

  • Алынған қорытындыны талқылау ( түзетулер және тұжырымдар ).

Жобалау әрекетінің тақырыбын таңдау жағдаяттарға байланысты түрліше болады. Дегенмен , жоба тақырыбы өмірлік өзектілігі бар және оны шешуге оқушының әр түрлі аумақтағы білімі мен шығармашылық ойлау қабілетін зерттеушілік дағдыларын қамтитын сұрақтарға құралғаны дұрыс.
Осылайша білімнің табиғи түрде кіріктірілуі жүзеге асырылады. Орындалған жоба нәтижелері материалдар тиісті деңгейде рәсімделуі тиіс. (альбом, бейнефильм, компьютерлік газает т.б.)
Мысалы, жобаның бекітілген тақырыбы : «Менің елім Қазақстан»
Жобаның түрі: ақпараттық
Дайындалу уақыты: 9 сағат
Мақсаты: оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын , туған өлкеге , оның байлығына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Шығыс Қазақстан облысының атақты адамдарының шығармашылығымен таныстыра отырып, құрмет сезіміне баулу
Идея: Қазақстанның жиырма жыл ішінде жеткен жетістітерін қөрсету.
Сынып 4 топқа бөлінеді.
1. Қазақстан рәміздері. Ақпарат жинау.
2 .Шығыс Қазақстан табиғаты. Материал жинау.
3 .Шығыс Қазақстан экологиясы. Мәлемет теру.
4 .Шығыс Қазақстан жазушылары мен ақындары. Мәлімет жинау.
Сабақтың міндеттері: Әр топтағы оқушының өз рөлі болады. Жұмыс жоспарын құру , көрнекілік дайындау , қорғаудың жоспарын жасау, жиналған мәліметті талқылау , іріктеу , қорғау.
1 – топтың сценарийі.
1. Өзекті мәселені белгілеу.
2. Қорғау. Қазақстан рәміздері туралы ақпарат. Буклет.
3. Оқушылардың Қазақстан туралы әңгімелері.
4. Сөзжұмбақ . Тақырыбы: «Қазақстан»
5. Қорытындылау. Қойған сұрақтарға жауап беру.
2 – топтың сценарийі.
1. Өзекті мәселені қою.
2. Дәллдеме. Мәнжазбаны қорғау.
3. Оқушылардың табиғат туралы жазған шығармалары.
4. Сөзжұмбақ. Тақырыбы: « Өзендер мен көлдер»
5. Қорытындылау.
3 – топтың сценарийі.
1. Өзекті мәселені қою.
2. Қорғау. Шығыс Қазақстан экологиясы туралы мәлімет.
3. Мәнжазба «Өскемен – экологиялық қауіпте»
4. Қорытындылау.
4 – топтың сценарийі.
1. Өзекті мәселені қою.
2. Ақпарат. А.Құнанбаев, О.Бөкеев, С.Ғабдуллин
3 Өлеңдерді жатқа оқу.
4. Қорытындылау.
Сабақты бекіту. Сұрақтар.
Қорыту. Бағалау. Үйге тапсырма беру.
Сонымен жобаның тиімділігі – көзбен көріп , құлақпен естіп , есте сақтай отырып , оқушыны ізденіске , іскерлік пен танымдық ынтаға , шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге , тапқырлыққа , жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Егер білім алушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып , жоспарлай білсе , оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып ,әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып , әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет